Енбек нарыгы

КІРІСПЕ 
 
І НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Еңбек нарығы: мәні, мағынасы және құрылымы 
1.2 Еңбек нарығындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясат 
1.3 Еңбек нарығын реттеуінің халықаралық тәжірибелері 
 
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫ МЕН РЕТТЕУІН ТАЛДАУ 
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайын талдау 
2.2 Онтүстік Қазақстан облысындағы еңбек нарығының негізгі индикаторларын талдау 
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысында халықтын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеуін талдау 
 
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
3.1 Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық зардаптары мен негізгі мәселелері 
3.2 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын реттеу шаларының ерекшеліктері 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

    Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті  дамыту керек екендігі айтылған болатын.

    Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды  талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс  арта түсуде. Сондықтан білікті  ұлттық кадрларды кәсіби жағынан  даярлау және қайта даярлау бүгінгі  күннің талабы.

    Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын  реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық  қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс  тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде  жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді  талап етеді.

      Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің  маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

    Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту  және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру  мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов, Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова, А.Қ.Мейірбеков, А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров, Ж.Ж.Сүлейменов, С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова,  Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

    Жамбыл  облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды  және күрделі мәселелердің бірі болып  отыр. Бұл мәселелерді  облыстық экономика мен еңбек нарығының  байланыстылығын жүйелі түрде  зерттеп, тиімді саясат  арқылы шешу теориялық  және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

    Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік  және жинақталған тәжірибелік материалдар  өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын  іске асыруға ықпал етті.

    Зерттеудің  мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

    -еңбек  нарығы мен халықты жұмыспен  қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік  негіздерін зерттеу;

     -еңбек нарығын реттеудің  қызмет  ету тетіктерін және әлеуметтік  – экономикалық мазмұны мен  факторларын анықтау;

    -облыстағы  еңбек нарығы  мен жұмыспен  қамтудың  жалпы сипаттамасын  қарастыру; 

    -Жамбыл  облысындағы еңбек нарығының  қазіргі жағдайына талдау жасап,  тиімділік  деңгейі  мен  салааралық ерекшіліктерін анықтау;

    -облыстағы  халықты жұмыспен қамтудың облыстық  бағдарламасының қажеттілігі мен  жұмыспен қамту шараларының   тиімділігін  арттыру жолдарын  негіздеу.

    Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

    Зерттеу нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.

    Зерттеудің  теориялық және әдістемелік  негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

    Зерттеу жұмысындағы  қорытындылар мен тұжырымдамалар  салыстырмалы талдау, материалдарды  графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық  болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

    Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жамбыл облысы статистикалық басқармасының және Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

    Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Облыстың еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

    Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:

    -еңбек  нарығын реттеу мен халықты  жұмыспен қамтудың жалпы теориялық  негіздері қарастырылып, авторлық  анықтамасы нақтыланды;

    - еңбек нарығын реттеу мен халықты  жұмыспен қамтудың қызмет ету  тетіктері және әлеуметтік –  экономикалық мазмұны мен факторлары  анықталды;

    -Жамбыл  облысындағы еңбек нарығын реттеудің  қазіргі жағдайына талдау жасалып,  еңбек нарығына әсер ететін  факторлары айқындалды;

    -облыстағы  халықты жұмыспен қамтудың облыстық  бағдарламасын жасауға ұсыныстар  негізделді;

    - Экономикалық-математикалық үлгі  жасау арқылы халықты жұмыспен  қамтуды жетілдіруге ұсыныстар  жасалды. 
 

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар  жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын  еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер  мен еңбекке қабілетті адамдар  нарықтың агенттері,-еңбек нарығында  өзара қатнаста болады. Сондықтан  еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің  арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде  жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам  өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың  өте маңызды өндірістік ресурс болып  табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік  функцияға адамдардың табыстары  мен  жақсы тұрмыс халының әдеттегідей  дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің  тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану  жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның  жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалифик-

 ацияның  жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға  т.б. мүмкіндік тудырады.

 Бәсекелік  еңбек нарығының классикалық  үлгісінің негізін мынадай принцептер  құрайды: фирмалардың ынталарын  бейнелейтін және еңбекке сұраныс  жасайтын жұмыс берушілердің  көп  болуы жұмысшы күшіне  иелік ететін және оның ұсынысын  жасайтын жұмыскерлердің көп  болуы. Еңбек нарығында субъектердің  тәртібі рационалды болады, олардың  мүдделеріне жетуді және пайда  табуды көздегенімен білгіленеді.  Олар үшін еңбек нарығында  еркін әрекет жасауына елеулі  кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер  ұсынатын жұмыс орындары және  жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

 Икемді  нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.

   Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік — еңбектің саны (Q), тік білік (Р) — жалақының ставкасы  Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық — мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс (ВБ) пен ұсыныстың (55) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-тендік дәрежесін (РЕ) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады: Qе — еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.

   Жетілген  бәсеке жағдайында жалақының тепе-теңджік дәрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы еңбекке сұра-ныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе-тендігімен және жалақының тепе-тендік дәрежесімен сипатталады.

   Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын — моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.

   Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты — кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.

   Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдык, жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне болсек, нақты жалақы шығады.

   Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракты еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылыктармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде) орын алады және олардың динамикасы ерекше болады.

   Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгеріп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамаңдықты жете игеруін тілейді.

Әрбір белгіленген мерзімде сұраныс пен  квалификациясы жоғары жұмысшы күшінің арасында сәйкестік болмайды.

   Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі  екі сегменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік-басқару персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік- көмекші персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сегмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, қыз-мет көрсететін жұмыскерлер, қызметшілердің томенгі категориясы жатады.

   Жекелеген аймактардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығының регионалдық сегментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы, ұлттық кұрам жатады.

   Жұмысшы күшінің құрылымы болмағанда бес сегменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, кадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық кайта құруға және қыскартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы — жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т.б.

   Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.

   Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.

   Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

   Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

   Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Еңбек қызметі- кез-келген қоғамдағы адамдардың жақсы  тұрмысының негізгі көзі. Еңбек рыногы рынок жүйесінде ерекше орын алады. Оның негізгі қызметі жұмыс күшінің  сұранысы мен ұсынысының теңдестірілуі, мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы  мен саяси қауіпсіздігі негізінде  халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. ХЕҰ сарапшыларының бағалуы бойынша, жұмыс күшіне сұраныстың жандануы экономикалық өсімнің айтарлықтай  жоғарғы қарқынын қолдау және ұлттық экономиканы қамтамасыз ету мүмкінділігіне тәүелді. 
Еңбек рыногының жағдайы және оның жақсы жұмыс істеуі көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына байланысты. Қазақстан рыногындағы жағдайдың өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады: экономиканың жаһандануы, еңбектің халықаралық бөлінуі, шикізат ресурстарына әолемдік бағаның конъюктурасы, халықаралық көші- қоны. Қазақстан еңбек рыногына тікелей әсер ететін ішкі факторлар, бұл: тұрақты экономикалық өсу, индустриялық- иновациялық даму, экономиканың қайта құрылысы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жастарына байланысты экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыскерлердің білім деңгейі және жұмыс күшін кәсіби дайындау, өңірлердегі еңбек рыногының жағдайы, жұмыс күшінің аумақтық салалық және кәсіби аспектілеріндегі бейімділігі. әлемдік бағалардың шикізат ресурстары конъюктурасы экономика мен әлеуметтік саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді. Соңғы жылдары қазақстанның еңбек рыногына көршілес елдер Қырғызстан мен өзбекстанның- еңбектік жасырын көші-қонының қысымы үдеп ьара жатыр. Қазақстан республикасының президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілеті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі- бұл мемлекет. Басшысының « ... жұмыспен қамтуды тұрақтанлыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады. » деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.  
Әлемнің дамыған елдерінің бәрі жастарды, жұмыспен қамтылуы білім берудің үздіксіз және икемді жүйесімен , жұмыскердің еңбек нарығына алғаш шығуын ескеретін арнайы жобаларды жүзкге асырылуымен байланысты мақсатты топ ретінде қарастырады. 
Жастардың мақсатты саясатын дайындау үшін әлемдік тәжірибені пайдаланған кезде жастардың еңбек нарығының ерекшеліктерін біріктіру аса маңызды болып табылады. Қазіргі қазақстандық еңбек нарығында айтарлықтай қиын жағдай қалыптасып отыр. Атап айтсақ, жастар арасындағы тіркелген және жасырын жұмыссыздық мөлшері азаюдың орнына, оның ұзақтығы ауылдық жерлерде созыла түсүде. Нарыққа өту кезеңіндегі жастардың еңбек нарығының ерекшеліктері: еңбек нарығына шығудың орташа жасының төмендеуі және жастардың білім деңгейінің ( әсіресе ауылдық жерлерде) төмендеуі; жұмыспен қамтуды жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде белсенді формаларымен қатар маңызды роль атқаратын. Жұмыспен қамтудың икемді және стандартты емес формалары негізінде реттеген жөн; жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін мемлекеттік және аймақтық бағдарламар дайындап , жүзеге асыру; отандық тәжірбеде пайда болған жаңа формаларын пайдалану.  
Сонымен қатар мезо- деңгейде мемлекеттік жұмыспен қамту бөлімдері орындайтын жұмыспен қамту жобаларына ( негізгі міндеті жоьаға қатысқан адамда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.) жұмсалатын мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру мәселесі де өзекті болып отыр.
 
 

      ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ

       

     Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс  істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен  қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.

     Нарықтық  экономикаға өту өзіне қажет  еңбек нарығы мен жұмыс күшін  еріксіз тартады.

     Еңбек нарығы-бұл тауар болып  табылатын еңбек ресурстарының  нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың  бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті  адамдар нарық агенттері, олар еңбек  нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан 

еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері  арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі  көлемі және еңбек  төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

         Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.

Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір  – бірімен үйлесуінде айтарлықтай  айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының  көп түрлері мен модельдері  болады.

      Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

    - сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);

    - ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).

    Сыртқы  еңбек нарығы дегеніміз жұмыс  күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма

арасында  ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек  нарығы еңбеккерлердің фирма

ішінде  жылжуына бейімделген.

    Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :

    1) әлеуметтік қызметте адамдардың  табыстары мен жақсы тұрмыс  жағдайының әдеттегідей дәрежесі  мен жұмыскерлердің өндірістік  қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы  өндіруді қамтамасыз ету; 

    2) экономикалық қызметте еңбекке  тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану; 

    3) ынталандыру қызметі бәсекеге  қабілеттің күшеюіне, тиімділігі  жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты  ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

    Маркстік  ілімге қарсы батыс теорияларында  еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині  қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке  кабілетті халыктың белгілі бір  тобын жатқызып жүр.  

    Қазақстандық  экономикалық  әдебиеттерде  зерттеушілердің  біреуі “еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің  нарығы” терминін қолдануда. Соған  байланысты осы екі терминнің  біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.

    Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.

    Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен  қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар  нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс  күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен  «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

    1945жылы  капиталистік елдің экономикалық  жағдайы анық түрде ерекшеленді.  АҚШ өзінің территориясында әскери  қимылдар болмағандықтан өндіріс  қуаты және рекордты түрде  экономикалық өсу байқалған. Ал  керісінше, Батыс Еуропа және  Жапония елдері біршама қирауға  ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті  құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып  шығындарға төзуге тура келді.  Бұл жағдайлар мысалы,  Германия  және Жапония елдерінде 40-ші  жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары  экономикалық өсу бүкіл аймақта  болды және жұмыссыздықты болдырмады.

    Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару.  «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы,  жұмысшы  нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында  жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім  деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған  білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас  маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік  алады, басшылардың, қызметтестердің  мойындауына жету, репутациясын орнату.

Енбек нарыгы