Ет- сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатылатын жерлердегі ВСБ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

“ Эпизоотология, паразитология 

және ВСС”кафедрасы

 

 

 

 

             Курстық жұмыс

Ет-сүт өнімдерінің технологиясы,санитариясы және ВСС пәнінен

Тақырыбы:

«Ет- сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатылатын жерлердегі ВСБ»

 

 

 

 

 

 

Тексерген: аға оқытушы

 Абекешеев Н.Т.

Орындаған: ВС-51 топ

студенті Кулбаева А.Ш.

 

 

                                          

 

 

 

 

Орал, 2012ж


 

 

Жоспар

 

 

І. Кіріспе...............................................................................................................3

ІІ. Әдебиетке шолу

2.1. Ет- сүт өнімдерінің сақтау  жерлерінің сипаттамасы................................4

2.2. Ет- сүт өнімдерін тасымалдау ережелері...................................................5

2.3. Ет- сүт өнімдерін сату орындарындағы  ветеринарлық- санитариялық             талаптар........................................................................................................7

ІІІ. Өзіндік зерттеу

3.1. «Евразия» базарының сипаттамасы............................................................9

3.2. Мекемедегі сақтау және сату  орындарында ет- сүт өнімдерін  қадағалау   жұмыстары..................................................................................................10

3.3. Ет- сүт өнімдеріне жүргізілетін  ветеринарлық- санитариялық 

       сараптау........................................................................................................12   

ІV. Қорытынды...................................................................................................33

V. Әдебиеттер тізімі...........................................................................................34   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

«Медицина адамды емдесе, ветеринария - бүкіл адамзатты емдейді» деген ветеринария ғылымдарының магистрі С.Евсеенконың нақыл болып кеткен сөзі бар. Мал және өсімдік майларының өнімдерінен жасалатын азық-түліктің сапасын, базарларда ветеринар мамандар, ветеринарлық-санитарлық сараптау лабораториялары тексереді.

Қалалар ,аудан орталығы мен жұмысшылар кентінде базарға түскен тағам өнімдерінің  қандай да түрлері болмасын, халыққа сатар алдында олардың санитариялық жағдайын, залалсыздығын және тауарлық сапасын анықтау үшін міндетті түрде ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізеді. Яғни ет-сүт өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізу үшін ветеринариялық- санитариялық сараптау зертханасы базарда орналастырылады.

Ветеринарлық-санитарлық сараптау лабораторияларының негізгі жұмысы - ет және ет өнімдерін, сүт және сүттен жасалатын тағамдарды, басқа да базарлар арқылы таралатын азық-түліктерді тексеру, азық-түлік малдар арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың адамдарға жұқпауын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні  Қазақстанда сүт тұтынудың орта көрсеткіші жылына адам басына шаққанда шамамен 260 литрді құрайды. Алайда,  бұл көрсеткіштің өзі аймақтарда әр түрлі сипатқа ие. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сүтті жылына 200 литрден аз ішеді. Салыстыра қарайтын болсақ, Франция мен Германияда сүт өнімдері бір адамға шаққанда жылына 490 литрден келеді. Скандинавия елдерінде әрбір адам жылына 500 литрден жоғары сүт өнімдерін пайдаланады. Дәл осы елдер әлем бойынша ұзақ өмір сүру жағынан алда келеді. Қысқасы, сарапшылардың сөзіне сенсек, Қазақстан дамыған елдерге қарағанда сүт өнімдерін анағұрлым аз пайдаланады.Осы жерде “Ауру – астан” дейтін нақылды  қаперде ұстайтын болсақ, сүт өнімдерінің сапасы да сынмен қарауды, сараптауды қажет ететіндігі көрініп отыр. Қорасындағы малын сауып, сүтін ішіп отырған ауылдық жерлердің тұрғындарының жайы белгілі.  Ал, қалалықтар қандай сүт ішіп отыр?

Мен осы курстық жұмысымды өзімнің жұмыстануым бойынша Астана қаласының «Евразия» базарында орналасқан ЖШС ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасында жасаған зерттеулерімді нұсқаулыққа ала отырып,сол аралықта барлық қолданылған материалдар мен зерттеулерге сүйене отырып жаздым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Әдебиетке шолу

2.1. Ет-сүт өнімдерін сақтау  жерлерінің сипаттамасы

 

 Шикізатты, дайын өнімді, буып-түю  және қосалқы материалдарды сақтау үшін объектілерде қоймалық үй-жайлар жабдықталады.

1-сурет.

Сүт өнімдерін сақтау қоймалары.

 

           

 

Сүттің санитарлық – гигиеналық сапасы сауу жабдықтары мен сүт ыдыстарының тазалығына,сүттің сақталатын орны мен оны алғашқы өңдеуге де байланысты.

Шаруашылықтың сут фермаларында, шаруаның қора жайында сүтхананың 3 түрі болады:

1) бір қора сиырдан сауылған сүтті өңдейтін сүтхана сол қораның ішіне орналасады. Шағын 5 бөлмесі болады. Мұнда сүтті сүзеді, салқындатады, кейде сүтті сепаратордан өткізіп, қаймағын алады. Сауу аппараттары мен сүт ыдыстарын жуып және дезинфекция жасайтын бөлімшесі болады.

2) бірнеше қорада тұрған сиырлардан  сауылған сүтті өңдейтін сүтхана, сиыр қораларының жанында оқшау үйде орналасады. Оның 8 бөлмесі болады. Мұның тұрған жері қора ішінде орналасқан сүтханадан әлдеқайда үлкен болады. Мұндай сүтханада сүтті алғашқы өңдеуге, сақтауға, кейде тіпті пастеризациялауға болады.

3) сүтхананың 3-ші типі- кішігірім сүт заводы, мұнда сүтті алғашқы рет өңдеумен қатар, кейбір сүт өнімдерін – қаймақ, ірімшік, ацидофилин, сары май т.б дайындайды.

Сүтхананың сүт өңдейтін және сақтайтын бөлмелерін, ыдыс жуатын бөлмелерінің төбесін, қабырғасын сылақтап, ішін әкпен ақтайды және еденнен бастап 2м биіктікке дейін сырлайды. Едені су өтпейтін бетоннан немесе плиткадан төселеді, оның лас су ағатын шұңқыры болады. Таза судын бөлме ішінде болғаны жақсы.

Тағамдық шикізат пен қосалқы материалдарды сақтау үшін ағаштан жасалған стелаждар мен сүрелер пайдаланылады, оларды еденге төсеуге жол берілмейді. Барлық қоймалық үй-жайларды таза ұстау керек және кезек-кезегімен дезинсекция және дератизация жасалуға тиіс.

Жабдық, мүкәммәл мен ыдыс тағамдық өнімге байланысты қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалады және қажетті нормативтік және техникалық құжаттамасы болуға тиіс.

Ет өнімдерін салуға дейін жабдықтар, көлік құралдары және ыдыс санитарлық өңделуден өтеді.

 Ет және ет өнімдерін орау, таңбалау,заттаңба жапсыру және оларды дұрыс жапсыру тек тексеруден өткеннен кейін ғана сатуға жіберіледі.

 

2.2. Ет-сүт өнімдерін тасымалдау  ережелері

 

Ет және ет өнімдерін  темір жол көлігімен тасымалдағанда әр партияға №1 мал дәрігерлік куәлік толтырылады. Темір жолмен тасымалдағанда арнайы жабдықтар қолданылады. Тасымалдауға салқындатылған,тұздалған,кептірілген ет онімдері жіберіледі. Тоңазытылған өнімдерді тасымалдау кезіндегі  температура -150С аспауы керек. Тоңазытылған етті тасымалдауға тек оралған күйде жібереді. Тұздалған еттің  тұздық мөлшері 10-14%. Ысталған, сүрленген ет арнайы ыдыста тасымалданады. Тасымалдау мерзімі кепкен етке – 6 күн, тоңазытылған етке – 6-10 күн.

Етті ұсынылған пунктке жеткізгеннен кейін ешқандай кедергісіз түсу керек. Тоңазытылған өнімдерді арнайы автореврежераторларда  -180С тасымалдайды. Ет өнімдері әуе көлігімен тасымалдауға куәлігі бар болса ғана жіберіледі. Өнімдерді ұшақтардың жылу жүйелі және герметизацияланған орындарда тасымалдауға болмайды. Жолда ұзақ кідірген жағдайда жүк ұшақтан түсіріліп, оптимальды температурасы бар орында сақталады.

Сүт және сүт өнімдеріне тасымалдауға органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістер болғанда немесе ораманың сыртындағы сақталмаған жағдайда рұқсат берілмейді. Ыдыстар және орама  заттар қолданыста бір-ақ рет қолданылуы керек.

Көліктер экспорттаушы елдердің қабылданған ережесіне сай залалдандырылады және дайындалады.

Оны талапты орындау шарттары:

Экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринарлық инспекторының қол қойып және экпорттаушы елдердің тілінде және орыс тілінде толтырылған ветеринарлық сертификатпен толығымен растайды.

Сүт және сүт тағамдарын (кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран және тағы басқа) тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сүт ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады.

Сүт тағамдары ыдысты тәсілмен тасымалдау.Тасымалдаушылар сүт және сүт тағамдарының ыдысты тасымалы үшін тасымалдау ұзақтығын, ыдыс түрін және сыртқы ауа температурасын ескере отырып, мамандандырылған автокөлік құралдарын бөледі.

 Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға мынадай ыдыспен:

1) сүтті - металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшіктерге  салынған шишалармен немесе пакеттермен;

2) өлшеніп оралмаған сүт тағамдарын - металл, пластмасса себеттермен, металл  жәшіктермен;

3) өлшеніп оралған сүт тағамдарын - металл флягалармен және ағаш  кеспектермен ұсынады.

Жәшіктер мен себеттердің бүйір қабырғалары шишалардың немесе басқа тұтыну ыдысының мойнынан жоғары болуы тиіс.

Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, ірімшік және басқа сүт тағамдары тасымалдауға жүк жөнелтушінің пломбасымен ұсынылады.

Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтуші резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады.

Сүтті және сүт тағамдарының түр-түрін бірнеше жүк алушының мекен-жайына тасымалдауға бір автокөлік құралмен ұсыну кезінде жүк жөнелтуші алдын ала, автокөлік құралы келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топтайды және тиеуді бір постта жүзеге асырады.

Жүк алушы бос мүккамал ыдысты қайтып береді, ал тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жеткізеді.

Жүк жөнелтуші сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау үшін Тернердің 19 градусынан аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттің температурасы (сәуір - қыркүйек) кезеңінде – + 60С аспауы, ал жылдың қалған мезгілінде +20С төмен болмауы тиіс.

Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттің температурасы 80С аспауы тиіс.

Сүттің температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

 Ыдыстағы сүтті және сүт  тағамдарын жүк жөнелтушіден  тасымалдауға қабылдауды және  жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы  флягалардың, кеспектердің, сондай-ақ стандартты түрде толтырылған жәшіктер мен себеттердің саны бойынша жүзеге асырады.

Сүтті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.

 Сүтті сүт зауыттарынан  ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші:

1) цистернаның люктерін тиеу  алдында ашуды және тиелгеннен  кейін жабуды;

2) тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды  және ағытуды;

3) цистернаны толтыруды;

4) цистернаның люктері мен құйып  алу құбырларын пломбалауды жүргізеді.

Жүк алушы:

1) цистернаның люктері мен құйып  алу құбырларында жүк жөнелтушінің  пломбаларының болуы мен жарамдылығын  тексеруді;

2) пломбаларды алуды;

3) сүтті құйып алғаннан кейін  цистернаны ішкі және сыртқы  жағынан жууды және дезинфекциялауды;

4) цистернаның люктерін пломбалауды;

5) жолдама парақта немесе санитарлық  өңдеу паспортында санитарлық  өңдеу жүргізу уақытын белгілеуді;

6) қысқы мезгілде құйып алу  шүмектері мен құбырларын ыстық  сумен және бумен қыздыруды  жүргізеді

 

2.3. Ет-сүт өнімдері сату  орындарындағы ветеринарлық-санитарлық  талаптар

 

Біз өз жұмысымызда ветеринарлық заңдарды, ветеринарлық жарғыларды, күші бар стандарттарды, методикаларды, ережелер мен нұсқауларды басшылыққа аламыз. «Ветеринарлық-санитарлық сараптау жұмыстарын базарларда жүргізу ережелеріне» сәйкес, ветеринарлық-санитарлық сараптау лабораториялары міндетті түрдегі және қосымша сараптаулар жасайды.

Міндетті түрде жүргізілетін сараптаулар мынандай тәртіппен жасалады:

- малдың етін тұтастай, ішкі  органдары мен басын, бездер орналасқан  барлық органдарды кесіп алып қарау;  
-піскен кезде еттің дәмін алу;  
- финнозға тексеру;  
- трихинеллезға тексеру;  
- сапқа тексеру;  
- жалпы радиациялық фонды анықтау.

Қосымша сараптау жұмыстары, егер міндетті түрде тексеру кезінде ветеринарлық нормалардан ауытқулар табылса, яғни лимфатикалық бездерден, еттен немесе ішкі органдардан бактериоскопиялық сараптау кезінде қауіптің іздері байқалған жағдайда жүргізіледі.

Сату үшін базарларға түсетін ет өнімдері, сүт және сүттен жасалған тағамдар бұған дейін тексерілгеніне қарамастан, міндетті түрде сараптаудан өткізіледі. Тек ет комбинаттарынан, құс фермаларынан сараптаудан өтіп, ветеринарлық тексеруден өтті деген қағаз жапсырылған, фирмалық дүкендер мен базарларға шығарылған ет және ет өнімдері, сүт пен сүттен жасалған тағамдар ғана сараптаудан өткізілмейді.

Етті сатуға алып келген иесі белгіленген үлгідегі ветеринарлық инспектор қол қойған және мөрмен бекітілген ветеринарлық сертификатты көрсетуі тиіс. Ветеринарлық сертификаттың 3 күндік қана ішінде күші бар, одан кейін басқа құжаттар талап етіледі. Базарға әкелінетін ет өнімдері тұтас, екіге немесе төртке бөлініп жеткізіледі. Ал боршаланған мал еті қабылдануға жатпайды. Базарға шығарылатын еттің ішкі ағзалары - өкпе, бауыр, жүрек, көк бауыры болуы шарт. Солар арқылы малдың ауруын, патологиясын анықтаймыз.

Мал етін тексерген кезде алдымен оның денесіндегі ісік, қанталау сияқты көзге бірден көрінетін жақтарын қараймыз. Әдетте арам өлген малдың еті қанталап тұрады. Ірі қара малын тексерген кезде еріндері мен тілін шығарып қарау керек. Екі жақтың астындағы, құлақтың түбіндегі бездерді кесіп алып тексеруден өткіземіз. Ұсақ малдардың басы мен денесіндегі бездер де осындай жолдармен тексеріледі.  
Шошқаның етіндегі күйдіргі ауруын анықтау үшін аса ұқыптылық қажет. Жақтарының астындағы бездерден басқа оның тамағының астындағы, үстіндегі бездерді, өңештің ішін мұқият қарау керек. Жылқы мен түйені, тұмсықтарын шауып, ішін тексеріп барып сап ауруы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

Өкінішке қарай, көптеген ет сатушылар ветеринарлардың талаптарына құлақ аспай, өздерінің тауарларына немқұрайды қарайды. Мұның арты қиын жағдайларға соқтыратындығын түсіне бермейді.

Қорадағы мал саны азайған соң, ауылда тұрудың сәні кетіп, соңғы жылдары көптеген қыр қазағы қала тұрғындарының санын көбейтті. Бұрынғыдай шекесінен шертіп жейтін ет көзден бұлбұл ұшқан соң, сатып жеуге, одан қалды үнемдеп жеуге үйрене бастады. Сонда да ет сатып жатқан жердің жанынан өтіп бара жатса, еттің санитарлық жағына емес, сатылу бағасына көздерін сүзбей өтпейді. Малдың еті мен сүтінен ауру жұқтырып жатса да ет жеуін қоймайтын қазекем көп жағдайда базар сөресінің арғы жағында не болып жатқанынан бейхабар. Бастысы бүгін ішетін ыстық тамағының сорпасы майлы болса болды. Ауру мал ма, арам өлген бе ол жағын ойламайды да. Себебі базардан сатып алушылар мұндағы ет, сүт өнімдерінің ветеринарлық саниатарлық зертхана тексеруінен өтетініне сенімдері мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ІІІ. Өзіндік зерттеу

3.1. «Евразия» базарының сипаттамасы

 

Астана қаласының «Евразия» базарында орналасқан ЖШС ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасы.

Бұл зертханада, осы зертхананың директоры (жеке меншік лаборатория), лабораторияның бас ветеринарлық санитарлық инспекторы, 1 эксперт маман және 3 зертханашы және көмекші қызмет атқарады. Олардың басты міндеті мал шаруашылығы өнімдерін, ет-ет өнімдерін, сүт-сүт өнімдерін, балық-балық өнімдерін, жұмыртқа, құс еті, бал ара өнімдерін, көкөністерді, жеміс-жидектерді ветеринарлық санитарлық сараптаудан өткізіп, халықты жануар мен адамға ортақ аурулардан қорғау және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.

Зертханаға келіп түсетін өнімдер қалаға жақын жерлердегі аудандардан келеді.

Зертханаға сараптауға әкелінген ет өнімінің №2 нұсқадағы мал дәрігерлік куәлігі, малдың жеке құжаты және анықтама болуы шарт.

Ет және ет өнімдері, балық, жұмыртқа зертханада ветеринарлық санитарлық сараптама өткен соң форма №24 үлгідегі журналға тіркелді.

Өсімдік тектес өнімдер №25 үлгідегі журналға тіркелді.

 

2-сурет.

Сараптамадан өткен өнімдерді форма №24 үлгідегі журналға тіркеу барысында.

 

        

 

Форма №26 үлгідегі журнал бал ара өнімдеріне арналған.

Зертханаға келіп түскен өнімдер сараптаудан өткен соң, сараптау қорытындысы белгілі болады. Сараптау қорытындысы бойынша өнімдерге санитарлық баға беріледі:

  • тежеусіз тағамдық мақсатқа жарамды;
  • шартты жарамды;
  • тағамдық мақсатқа жарамсыз.

Сараптама қорытындысы бойынша сатуға жарамды деп танылған ұшаға, ұша бөлігіне, құс етіне ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасының ветеринарлық инспекторлары ветеринарлық ба йқаудың белгісі ретінде таңба басады.

Ал сараптама нәтижесі бойынша шартты жарамды деп танылған ет зарарсыздандырылуға, жарамсыз деп танылған етке акт толтырылып, жойылуға жіберіледі.

Базарларда негізінен дені сау сиырлардан алынған сүт сатылуы тиіс. Ондай сүтке жергілікті мемлекеттік ветеринарлық мекемесі ай сайын 1 рет анайы куәлік беріп отырады. Зертханадан тексерістен өткеннен кейін, сараптама қорытындысы бойынша жарамды деп танылған сүт және сүт өнімдеріне зертханадан сатуға рұқсат бергені туралы құжат беріледі.

 

3.2.Мекемедегі сақтау және сату орындарында ет-сүт өніндерін қадағалау жұмыстары

 

Базарлардағы ветеринариялық – санитариялық  сараптау жүргізетін лабораториялардың міндетті түрде және қосымша жүргізетін зерттеулерінің тізбесі

 

1 Еттерге міндетті түрде жүргізілетін  зерттеулер:

  • Органолептикалық қарау ұшаны, ішкі органдары және басты, барлық лимфа түйіндерді кесіп қарау, ішкі органдардың паренхимасын кесіп қарау;
  • Қайнату сынамасы;
  • Финнозға (цистицеркоз) тексеру;
  • Трихинеллезге тексеру;
  • Жылқының бастарын маңқа ауруына тексеру;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау.

2 Міндетті түрде зерттеу қорытындысы  бойынша ветеринариялық нормативтен ауытқу болған жағдайда еттерге қосымша жүргізілетін зерттеулер:

  • Күдік туғызған лимфа түйіндерінен, ішкі органдардан, ұшаның бұлшық еттерінен бактериоскопия (мазок таңба) жүргізу;
  • Биохимиялық зерттеулер (токсикологиялық зерттеулермен қоса).

3 Сүт және ашытқан сүт өнімдеріне міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер (үй жағдайында жасалған):

  • Органолептикалық зерттеулер;
  • Тығыздығын анықтау;
  • Қышқылдығын анықтау;
  • Тазалық дәрежесін анықтау;
  • Бруцеллезге сақиналы реакциясы арқылы тексеру;
  • Маститке мастидин сынамасымен тексеру;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау;

4 Сүттерді міндетті түрде зерттегенде  ветеринариялық нормативтен ауытқу  болған жағдайда қосымша жүргізілетін  зерттеулер:

  • Майлылығын тексеру;
  • Соданың сүтке қосылғандығын анықтау;
  • Редуктазды сынама;
  • Фальсификацияны анықтау;

5 Сары майларды тексергенде  міндетті түрде жүргізілетін  зерттеулер (үй жағдайында дайындалған):

  • Органолептикалық зерттеулер;
  • Майлылығын анықтау;
  • Ылғалдылығын анықтау,
  • Ас тұзын анықтау;
  • Фальсификациясын анықтау;
  • Ірімшік, сыр және тағы басқа заттардың қосылғандығын анықтау;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау.

6 Бал арасын тексергенде міндетті  түрде жүргізілетін зерттеулер:

  • Анықтама және классификациясы;
  • Органолептикалық зерттеулер;
  • Суды анықтау;
  • Механикалық қосындыларын анықтау;
  • Қышқылдығын анықтау;
  • Паль балын анықтау;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау;

7 Бал араларына міндетті түрде  жүргізілген зерттеулер жүргізгенде  ветеринариялық нормативтен ауытқулар  болса қосымша жүргізілетін зерттеулер:

  • Диастазаны анықтау;
  • Инвертивті қанттылығын анықтау;
  • Жасанды инвертивті қанттылығын анықтау;
  • Сахарозасын анықтау (тросникті қант);
  • Балдың божығанын анықтау;

8 Балықтарға міндетті түрде  жүргізілетін зерттеулер:

  • Органолептикалық зерттеулер (әр партиядан немесе бумадан (қорабынан) 10 экземплярдан кем емес;
  • Бактериоскопия;
  • Қайнату сынамасы;
  • Адамдарға қауіпті жұқпалы инвазиялық балық ауруларын (описторхоз, клонорхоз, гетерофоз, метегонимоз, дифиллоботриоз, диоктифимоз, нанофистоз).
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау.

9 Жұмыртқаларды тексергенде міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер:

  • Органолептикалық тексерулер, ветеринариялық құжаттарды ф-2 тексеру;
  • Овоскопия;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау.

10 Еттен қақталып жасалынған  өнімдерді тексергенде міндетті  түрде жүргізетін зерттеулер (үй жағдайында дайындалған):

  • Органолептикалық зертеулер;
  • Трихинеллоскопия;
  • Ылғалдылығын анықтау;
  • Ас тұзын анықтау;
  • Сынаманың жалпы радиоактивті фонын анықтау.

11 Еттен қақталып жасалған өнімдерге міндетті түрде зерттеулер жүргізгенде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда қосымша жүргізілетін зерттеулер:

Биохимиялық зерттеулер (токсикологиялық зерттеулерді қоса алғанда).

 

3.3. Ет-сүт өнімдеріне  жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық  сараптау

 

1. Базарға келіп түскен мал ұшалары мен ағзаларын тексеру

Зертханаға әкелінген мал ұшасының міндетті түрде басы мен ішкі ағзалары болуы шарт.

                        3-сурет.                                                                4-сурет.

Зертханаға әкелінген                                      Зертханаға әкелінген

Ірі қара ұшасы                                                       ішкі ағзалар

 

                   

 

МІҚ ұшасы мен мүшелерін тексеру. Біз зетханаға әкелінген ірі қараның басын тексергенде – жақ етін түп жағынан екі жағынан пышақпен тілген кезде, ол жақ сүйектерінің арасынан салбырап түседі. Одан кейін бастың алқым, шықшық, жұтқыншақтың ортаңғы және лимфа түйіндерін тексердік. Сонымен қатар еріндерін, қызыл иек, тіл, ауыздың ішкі жағы, бас сүйек пен жақ сүйектерін мұқият тексердік. Жақ сүйектерінің шайнау қызметін атқаратын бұлшық еттерін сыртынан екі ет, ішінен бір рет тіліп финнозға зерттедік.

Ағзаларын тексеру. Өкпе-бауырды жігін жазбай суырып алып, кеңірдегінен ілмекке ілдік. Кейін көкірек қуысындағы лимфа түйіндерін кесіп қарадық. Ал өкпені мұқият сыртынан ұстап, қысып байқадық, сонан соң ұзынынан қиялап кестік. Жүректің етін 2-3 жерден пышақпен тіліп, цистицеркозға тексердік. Содан кейін жүрек қуысын ашып, қанның бар жоғын анықтадық. Сонан соң бауыр лимфа түйіндерін кесіп қарадық. Алдымен бауырды қолға ұстап көріп, пышақпен кесіп ет жолын тексереді. Бауырды тексеру барысында оның қырларына назар аудардық. Бауырды тексеру барысында зхинококкоз немесе бітеу жараларға күдік туған жағдайда, оларды пышақпен кесіп қарадық. Талақты сырттай тексердік, бөгде некрозды ошақтардың бар жоғына назар аударып, тіліп қарадық. Бүйректерді майынан ажыратып, сырттай қарадық. Олардың сыртқы көрінісі мен бітімінен өзгерістер кездескен жағдайда, біздер оларды ұзынынан пышақпен тіліп қарадық.

Ірі қара мал ұшасын тексеру. Бас және ағзалардың барлық лимфа түйіндерін тексеріп болғаннан кейін, олардың ұшасын қарауға кірістік. Әсіресе жалқаяққа пен бауыздағанда қаннын қалай шыққандығына назар аудардық. Мойын және белдеме еттерін финнозға тексердік және қажет болған жағдайда лимфа түйіндерін қарадық. Біздің тәлім өту барысында ауруға күдік тудырған ірі қара ұшасы кездесті. Біз оны зертханалыққ зерттеулерден өткіздік. Яғни бактериоскопия, рһ анықтау, переоксидаза сынамаларын қойдық.

 

                                     5-сурет.                                                         6-сурет.

                 Ұшаларды тексеру                           Ұшалардан сынама алу

 

                   

 

 

Қой ұшасы мен ағзаларын тексеру. Жалпы тексеру тәртібі ірі қара малынікі сияқты болып келеді. Қой етін тексеру барысында көк бауырға аса көңіл аудардық, өйткені топалаң кездесуі ықтимал. Ал бауырды тексеру барысында дикроцелиоз және фасциолезге тексердік. Тәлім өту барысында көбінесе қой ағзаларын зерттеу барысында эхинококкоз ауруын жиі кездестіріп отырдық.

Шошқа ұшасы мен ағзаларын тексеру.  Шошқа ұшасының ағзасын тексергенде біз төменгі жақ шықшыт және мойынның беткей лимфа түйіндерін қарадық. Жақ сүйектерінің шайнау бұлшық еттерін финнозға тексердік. Ауыз қуысындағы кілегей қабықтарын, жұтқыншақ пен көмекей және көмекей қабықтарын тексердік. Сонымен қатар төменгі жақ түйіндерін қарап, топалаң ауруының бар жоқтығын анықтадық. Белдеме, желке бұлшық еттерін және диафрагманы кесіп алып, финнозға тексердік. Ал трихинеллезге тексеру үшін диафрагмадан ет кесіндісін алдық.

Жылқы ұшасы мен ағзаларын зерттеу. Жылқының басын тексерген кезде, оның кеңсірік сүйегін балтамен шауып, кеңсірігін және бастың барлық лимфа түйіндерін байқаудан өткіздік, маңқаның бар жоқтығын анықтадық. Көмекей және көмекей бездерін кесіп қарадық.

Ағзаларын тексеру. Өкпе-бауырды тексеру барысында олардың лимфа түйіндеріне назар аудардық ( көкірек қуысы, бронхтар, бауыр). Өкпені ұстап қарап, пышақ кесіп, маңқа түйіндерін іздедік. Жүректі кесіп, жүрек қуысын қарадық. Бауырды алдымен сыртынан қарап, кейіе кесіп қарадық.

Құс ұшасы мен ағзаларын тексеру. Құстың ағзаларын зерттеу барысында бауыры мен көк бауырды қарадық. Ұшаны тексеру барысында қоңдылығын, терісінің көкшілденуін, буындарының ісінуін, етінің тазалығына назар аудардық.

2. Еттің балаусалығын анықтау

Етті сақтау барысында ол әр түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Оның бірі етте ақзатты ыдырататын микроорганизмдердің тіршілік етуі (ет түсінің көкшілденуі, қызаруы, сәулеленуі) нәтижесінде болса, басқасы етте жүретін өзгерістерге (қараюы, көгеруі, жалқақ басуы, иістенуі) байланысты. Бұл өзгерістер нәтижесінде ет тек қана сыртқы түрінің жағымсыздануы ғана емес, сонымен қатар тағамдық бағасын жоғалтады немесе жеуге жарамсыз жағдайға жетеді.

Ет- сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатылатын жерлердегі ВСБ