Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары

Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік  құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін  жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет [4].

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамадас бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен үдерістірінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептеудің озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және экономикалық- математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және  өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің  әдістемелік негізіне қызмет етеді [7].

Нарықтық экономикада жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.

Аудит термині латынның « audio» — « тындап тұр» деген сөзінен шыққан.

  1. Кейбір мемлекеттердегі аудиттің даму жолдарының тарихы

Мемлекет

Мерзімі

Түсіндірме

1

2

3

 

Қытай

Біздің заманымызға дейін 700 ж.

Тарихи деректерге  сүйенсек, Қытайда әлемдегі ең алғашқы аудиторлық жүйе құрылған. Бұл мемлекетте «Бас аудитор» мәнсабы бекітілді.

 

1982 ж.

Жаңа конституция жарияланды. Бұл конституция негізінде мемлекеттің аудиторлық әкімшілігі құрылды.

 

Ұлыбритания

XVI-XIX ғасырлар

Аудиттің дамуына экономикалық түрлендірілген және де кәсіпорын басқарушылары (акционерлер, меншік иелері, инвесторлар) көзқарастарының өзгеруі әсер етті.

1844 ж.

Акционерлік қоғам туралы заңның қабылдауына байланысты кәсіпорын басшылары жыл сайын акционерлердің алдында аудитордың тәуелсіз есебі арқылы есеп беруге міндетті болды.

1862 ж.

Барлық акционерлік қоғамдар міндетті түрде аудиттелуге тиіс болады.

1879 ж.

Жыл сайынғы міндетті аудит  тексеруін өткізуге енді барлық коммерциялық банктер де жұмылдырылды.

Франция

1867 ж.

Аудит қызметі туралы заң  қабылданды. Бұл заң бойынша 2 түрлі тәуелсіз қаржылық бақылау жүргізіледі. Олар бухгалтер-эксперттер және шоттар бойынша комиссиялар. Олардың айырмашылығы – біріншілер шақырылады, ал екіншілер тағайындалады. Комиссиялардың қызметі үкімет тарапынан бақыланады. Ал бухгалтер-эксперттер сырттан шақырылып, олар шот жоспарын, бухгалтерлік есепті, ішкі бақылауды жүргізуге көмектеседі және басқа да қызметтер көрсетеді.

Германия

1870 ж.

Акционерлік қоғам туралы заңға толықтырулар енгізілді. Олар бақылайтын кеңестерге акционерлік  қоғамдардың тапқан таза табыстарының болуы туралы есеп беруге, қаржы  құжаттарын тексеріп, оны акционерлік қоғамның жалпы жиналысына талқыға салуға міндетті болды.

1931 ж.

Ішкі ревизордың жүргізген  тексерулерінің нәтижесінде көпетеген  акционерлік қоғамдар банкротқа ұшырағаннан кейін, Германия ішкі аудит туралы заңдарына өзгерістер енгізді. Бұл заң бойынша енді аудитті сыртқы аудиторлар жүргізетін болды. Енді аудит жүргізу барлық ірі акционерлік қоғамдарға міндетті болды.

АҚШ

1996 ж.

Заң түрінде аудитор қызметі реттелді. Бұл заң бойынша Нью-Йорктегі университетте емтихан тапсырған және аудитор қызметімен айналысуға лицензиясы бар әрбір бухгалтер аудитор бола алады.

1932 ж.

Бағалы қағаздардың дұрыстығы туралы акт қабылданды. Бұл акт бойынша енді акциялар мен облигациялар шығаратын жеке меншік компанияларға аудит жүргізілетін болды.

1948 ж.

Америкалық бухгалтерлер институты жалпы аудит стандарттарын  бекітті.

Халықаралық статус Штаб пәтері Нью-Йоркта (АҚШ)

1977 ж.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясы  құрылып (IFAC), аудиторлық тәжірибе жөніндегі  халықаралық комитет жұмыс істеді. Бұл комитет Халықаралық аудит стандарттарын әзірлеумен айналысатын болды.

1995 ж.

Халықаралық бухгалтерлер ассоцияция (IAPC) құрылды. Осының негізінде Халықаралық  аудиторлық комитет жұмыс (IFAC) істейді. Бұл комитет аудитттің халықаралық стандарттарын дайындайды.

Қазақстан  Республикасы

1993 жылы 18 қазанда

Республикадағы аудиторлық қызметті реттеу негізінде «Аудиторлық  қызмет туралы» бірінші Заң қабылданды.

 

1998 жылы  20 қазанда

Аудиторлық қызметтің  тәуелсіздігін дәлелдейтін «Аудиторлық  қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды.

 

2000 жылы  наурызда

Аудиторлардың республикалық  конференциясында аудиторлық қызметтің  халықаралық стандарттарын ұлттық қызмет ретінде қолдану көзделді.


АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикасы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірибесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтер  мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалардың, оның ішіне үлкен төрттік те кіреді, өз ассортименттерінде кәсіби аудиторлық қызмет көрсетудің және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден астам атауы бар.

Аудиторлық еңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде үлкен төрттік қызметі ауқымының кеңейгеніне және күшеюіне наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтардың пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін  шоғырландыру, оларды одан ары біріктіру нмесе бөлу нәтижесінде аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы  оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкесінше аудит пен қаржылық есептілік аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

1) аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі — бағдарлы және тәуекелге негізделген;

2)  құқықтық негізде: міндетті,бастамашылық;

3) қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандыру, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

Аудит (лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит (Audit) — 1) жүйенің басқару элементтерін тексеру; 
2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады. 
Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік(қаржылық) есебін, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын; активтермен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін. 
Аудитор 
Аудиторлық, ұйымның қызметкері. Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады. 
Аудиторлық ұйым 
Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды, құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді тексеруді жүзеге асырады.

Жоспар: 
1. Аудит стандарттары 
2. Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау 
Кіріспе

АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады. 
Аудит стандарттарын қабылдаумен қатар, АП өз мүшелерінің кəсіби білімі үшін жауап береді. АП 1998 жылғы МФБ Этика кодексінің негізінде өзінің Этика кодексін əзірледі. Алайда АП Кодексінде анағұрлым, əсіре тəуелсіз аудиторға қатысты тұрғыдан қатаңға айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады. 
АП мүшесіне айналу үшін, дербес аудитор САР/СIРА (Сертификатталған практикашы бухгалтер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер) куəландыру бағдарламасының негізінде емтихандар өткізетін АП Біліктілік комиссиясымен (КК) куəландырылуға тиіс. Алайда емтихандарды табысты тапсырғандардың үлесі кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр. 
ППБА қатысушылары – негізінен сертификатталған практикашы бухгалтерлер (САР немесе сертификатталған бухгалтерлер) жəне небəрі бірнеше Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер (СIРА немесе сертификатталған аудиторлар). ППБА өз мүшелері үшін кəсіптік ережелер шығарды, бірақ РОСК дайындаған топ анықтағандай, Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді. 
Қазақстанда ППБА куəландырған бухгалтерлер ППБА да, АП да куəландыру рəсімін бір СAP/СIPA куəландыру бағдарламасының негізінде құрғанына қарамастан, аудитор болу үшін өздерінің (Сертификатталған практикашы бухгалтерлер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтерлер) ретінде тəжірибелерін пайдалана алмайтынына байланысты, бухгалтерлер мен аудиторларды куəландыруда елеулі проблема орын алып отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс болады деген сөз. 
Қазіргі уақытта банктердің немесе сақтандыру компанияларының аудиторлық ұйымдарды ауыстырып отыруына талап белгіленбеген, бірақ «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға аудиторларды əр үш жыл сайын міндетті ауыстырып отыруды көздейтін түзету енгізу туралы ұсыныс бар.

1. АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ

. Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың мамырынан бастап ХАС пайдалануды талап етсе, ол күнге дейін Қазақстандық аудит стандарттары (КСА) күшінде қалады. Сонымен қатар, көптеген аудиторлар ХАС емес, КСА құрамымен көбірек дəрежеде таныс болады. Сондықтан осы бөлімде КСА жəне ХАС арасындағы алшақтықтарға талдау жүргізіледі. КСА ХАС негізінде əзірленсе де, олар бір біріне онша сəйкес келе бермейді. 52-ші тармақта аталғандай (жоғарыдан қараңыз), Қаржы министрлігімен тек төменде берілген 11 11 КСА бекітілген:

КСА Аналог в ХАС 
КСА 1: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері ХАС 200: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері 
КСА 2: Аудит жүргізу шарттары ХАС 210: Аудит жүргізу шарттары 
КСА 3: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау ХАС 220: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау 
КСА 4: Құжаттама ХАС 220: Құжаттама 
КСА 5: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды ХАС 700: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды 
КСА 7: Жоспарлау ХАС 300: Жоспарлау 
КСА 8: Клиенттің бизнесін білу ХАС 310: Клиенттің бизнесін білу 
КСА 9: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау ХАС 400: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау 
КСА 10: Аудиторлық дəлелдер ХАС 500: Аудиторлық дəлелдер 
КСА 11: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы ХАС 510: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы 
КСА 12: Басшылықтың мəлімдемесі ХАС 580: Басшылықтың мəлімдемесі

Нəтижесінде негізінен келесі екі себеп бойынша елеулі бөлеу оқылымдар орын алған: 
• ХАС ұқсас қағидалары КСА қабылданғаннан кейін қайта қаралауы мүмкін (мысалы, ХАС 700 қайта қаралған жəне ХАС 200 жəне ХАС 210 тиісті түзетулер енгізілген); 
• ХАС құрамына КСА құрамынан өз көрінісін таппаған 20 стандарттан астам жəне ұсынылған практика туралы 15 қаиғада кіреді ( төменнен 73-ші тармақты қараңыз). 
КСА мен ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексерістің ХАС сақтай отырып, жасалған аудитқа қарағанда анағұрлым аз сенімділікті қамтамасыз ете алатындай алыс. Ең елеулі бөлек оқылымдар КСА құрамында ХАС 20 стандарттан астамның болмауына байланысты туындайды, соның ішінде: 
• Аудиттың елеулілігі: ХАС сəйкес аудиторлық тексерістің мақсаты аудиторға қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғаны туралы пікірін білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Ақпарат егер оның болмауы немесе бұрмалануы аталған қаржылық есеп-қисаптың негізінде қабылданған пайдаланушылардың шаруашылық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, «елеулі» деп саналады. ХАС 320 «Аудиттың елеулілігі» аудитордан (a) аудиторлық рəсімдердің сипатын, уақытын жəне форматын айқындау; жəне (b) бұрмалаудың салдарын бағалау кезінде, сондай-ақ қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғанын бағалау кезінде елеулілік аспектілерін есепке алуды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ жəне бұл (i) аудитордың елеулі параметрлер бойынша шүбəлі болып табылатын деректердің енгізілгенін немесе елеулі деректерді өткізіп алуды айқындай алмауына, содан қаржылық есеп-қисаптың шүбəсіздігін бұзуға əкеліп соғуы, немесе (ii) қаржылық есеп-қисапты пайдаланушыларда аудитор қаржылық операциялардың бірін қалдырмай тексеріп жатқан секілді əсер қалдыруы мүмкін. 
• Аудитор қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеру кезінде алаяқтық əрекеттердің ықтималдығын ескеруге міндетті: ХАС 240 «Аудиторлық тексерістер жүргізу кезінде аудитордың ықтимал алаяқтық əрекеттерді ескеруге міндеті» алаяқтықты қателіктен ажыратуды жорамалдайды жəне аудиторға есте ұстау қажет алаяқтық əрекеттердің екі типінің айқындамасын береді. Ол екі алаяқтық типі төмендегідей: (a) активтерді заңсыз иемденудің нəтижесінде пайда болатын бұрмаланымдар; жəне (b) қаржылық есеп-қисап жасау кезінде алаяқтықтың нəтижесінде туындайтын бұрамаланымдар. Аудиторлық тексерудің барысында елеулі алаяқтықтың анықталмауына байланысты тəуекелдікті минималдандыруға арналған арнайы рəсімдер қажет. КСА құрамында ондай талап жоқ. 
• Талдампаздық рəсімдер немесе аудиторлық іріктелім жəне басқа сынамалар: ХАС 520 «Талдампаздық рəсімдер» аудитордан кəсіпорын мен оның бизнес ортасы туралы пайымдама жасау үшін, сондай-ақ аудиторлық тексерістің соңында жалпы қорытынды жасау кезінде тəуекелдіктерді бағалауға арналған талдампаздық рəсімдерді қолдануды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ. 
• Байланысқан тараптар: ХАС 550 «Байланысқан тараптар» аудитордан басшылық байланысқан тараптарды, сондай-ақ қаржылық есеп-қисап жасау үшін елеулі маңызға ие мүдделілік бар мəмілелердің салдарын айқындау жəне ашу кезінде жеткілікті аудиторлық дəлелдер алуға арналған аудиторлық рəсімдерді орындауды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ. 
• Əділ құнның аудиты: Көптеген жағдайларда ХҚЕС активтер мен пассивтердің құнын айқындау кезінде бағалау кезінде əділ құн көрсеткіштерін қолдануды белгілейді немесе жол береді. ХАС 545 «Əділ құнның жəне ашылған ақпараттың көрсеткіштерінің аудиты» аудитордан ол кəсіпорын мен оның бизнес ортасы, соның ішінде оның іштен бақылау жүйесі туралы пайымдама қалыптастыру шеңберінде кəсіпорында əділ құн мен ашылған ақпараттың көрсеткіштерін, сондай-ақ бекіту сатысында елеулі бұрмаланыстар тəуекелдіктерін айқындау жəне бағалау үшін жəне стандартта сипатталған қосымша аудиторлық рəсімдер əзірлеу жəне пайдалану үшін жеткілікті тиісті бақылау шараларын пайдалану кезінде қолданылатын рəсімдермен таныс болуын талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.

Міндетті аудиттың сапасы біркелкі емес. Аудиторлық тексерістердің қорытындыларымен танысудың (жоғарыдағы 66-шы тармақты қараңыз) жəне РОСК дайындаған топпен, жеке аудиторлармен, шағын жəне ірі аудиторлық фирмалармен жəне Аудиторлар палатасымен 
Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті аудиторлық фирмалар өздері КАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты, сондай-ақ ХАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеруге аудит стандарттары, қызметкерлер құрамы жəне сапаны тексеру тұрғысынан бірдей тəсілдеме пайдаланатындарын айтады. 
талқылаудың нəтижесінде Қазақстанда орта есеппен аудиторлық практиканың сапа көрсеткіштеріне негативті ықпал ететін нақты проблемалар анықталды: 
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар тəрізі, КСБУ сəйкес дайындалған қаржылық есептемелермен салыстырғанда, ХҚЕС сақтай отырып жасалған қаржылық есеп-қисапты анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді17. 
Бұл тек қана Қазақстандық ерекшелік болып табылмаса да, байқаушылар ондай практика КСБУ негізіндегі қаржылық есеп-қисап аудитының сапасынан теріс көрінуі мүмкін деп қауіптенеді. 
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар тəрізі, қарызға ақша қаражаттарын немесе төте шетелдік инвестициялар тартатын компаниялардың ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисаптарын анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді. Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапты ондай құжаттаманы анағұрлым терең сапалы талдау рəсімдерінің көмегімен, соның ішінде келесіде Мəскеуде, ал кейде Лондонда немесе Франкфуртта техникалық сарапшыларды тарту арқылы тексеру нəтижелерін сараптау арқылы жүргізсе де, аталған рəсімдер тəрізі, шетелдік реттеу жəне/немесе толық көлемде аудитордың кəсіби жауапкершілігін көтеруге дайындық жоқ болған кезде жүйелі қолданылмайтын секілді. 
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың айтарлықтай санының нашар дайындалғаны соншалық, тексерілген қаржылық есеп-қисапты пайдаланушылар тіпті аудиторлық фирма тындырған жұмыс туралы пайымдама жасауға қабілетсіз болуда. РОСК дайындаған топ талдап шыққан 14 аудиторлық қорытындының сегізінде адресат болмаған, тексеруге ұшыраған қаржылық есептемелер көрсетілмеген, қаржылық есеп-қисабы тексеруге қос тіркелген компаниядан басқа компанияның атауы, сондай-ақ аудит стандарттарына сілтемелердің орнына бухгалтерлік есеп-қисап стандарттарына сілтемелер жəне т.б. болған. 
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары үстірт болып шыққан, бұл олардың Этика кодексін, соның ішінде олардың тəуелсіз мəртебесіне қатысты бөлігінде сақтауына күмəн туғызбай тұра алмайды. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының төртеуінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттаынан (КСБУ) елеулі жəне анық шегіністер бар. 
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары аудиторлық рəсімдерге толық емес сəйкестікте орындалған жəне КСА мен аудиторлық тексерістің сапасына талаптардың сақталуына елеулі күмəн туғызады. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының үшеуінде аудиторлық фирма қолданған аудиторлық рəсімдер баяндалған қосымша болды. Топ сарапшылары осы үш құжаттың барлығында төмендегілерге қарамастан аудиторлық фирманың сөзсіз оң қорытынды бергенін атады: 
o аудиторлық фирмаға тауарлық-материалдық қорлар туралы сандық деректер тапсырылмаған жəне оның еншісіне 23% жиынтық активтер түсетін мүліктің, машиналар мен жабдықтың іс жүзінде бар екеніне (компанияның жұмыс істегеніне бірінші жыл) көз жеткізбей, тек шоттармен жəне бухгалтерлік тіркелімдермен танысуды қанағат тұтқан. Басқа екі аудит бойынш топ сарапшыларында сол іспеттес ескертпелер туындады. 
o Аудиторлық фирма компанияның жалпы активтерінің 62% құрайтын аванстық төлемдер туралы растамаларға сұратым салған жоқ. Аудиторға жинаудың сəті түскен дəлелдер аудиттың талаптарына сай болуы міндетті емес ішкі пайдаланыс құжаттары болып шықты. РОСК дайындаған топтың сарапшылары тағы бір қорытынды бойынша тап сондай ескертпе жасады.

2.Аудит стандарттарын  жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау

Жоғарыда аталғандай, жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың қарашасынан бастап ХАС қолдануды талап етеді, ал ол уақытқа дейін КСА қолданыста болады. КСА екі негізгі себепке байланысты, ХАС қарағанда едəуір артта: КСА негізіне ескірген ХАС нұсқалары алынған жəне КСА толық сипатта емес, өйткені ХАС құрамына кіретін 30 стандарттан астамның тек он бір стандарты бекітілген. КСА жəне ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексеріс ХАС сəйкес жүргізілген тексеріске қарағанда, ақпараттың сенімділігін анағұрлым аз ықтималдықпен растайтындай дəрежеде. 
Соның нəтижесінде міндетті аудиторлық тексерістердің сапасы, РОСК дайындаған топтың пікірі бойынша, өте біркелкі болмаған. Халықаралық аудиторлық желілеріндің құрамына кіретін жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізген уақытта, олар КСБУ сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізуге қарағанда анағұрлым мұқият аудит рəсімдерін пайдаланатын жəне анағұрлым тəжірибелі қызметкерлерді бөлетін секілді. Сол секілді, ХҚЕС сəйкес жасалған жəне қарыз қаражаттарын тартатын немесе шетелде акциялар шығаратын компаниялар дайындағын қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер əдетте анағұрлым жоғары сапасымен өзгешеленеді. 
Кейбір жергілікті аудиторлық фирмалардың халықаралық стандарттарға сəйкес жұмыс істеуге айтарлық күш салатынына қарамастан, олар жасаған аудиторлық қорытындылардың көпшілігінің нашар болғаны соншалық, аудиторлар растаған сондай қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланушылар аудиторлық фирма орындаған жұмыс туралы 
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» Резюме – стр vii. 
қандай да бір тұжырымға келе алмады. Сонымен қатар, жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған кейбір аудиторлық қорытындылар Этика кодексін, соның ішінде тəуелсіздік принципін сақтау тұрғысынан елеулі қауіп туғызды. Сондай-ақ жергілікті аудиторлық фирмалардың басым көпшілігі өздері қайта қаралған жəне жаңартылған «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға сəйкес пайдалануға тиіс болатын қолданыстағы толық ХАС нұсқасымен таныс болау фактісі де көп маасыздық туғызады. 
Негізгі ұсыныстамалар 
Осы баяндаманың VI Бөлімінде баяндалған барлық əдістемелік ұсыныстамалардың маңызы үлкен болса да, РОСК дайындаған топ оның пікірі бойынша, қаржылық жүйенің орнықтылығын, экономикалық өсуді 
Қорытынды

Аудиторлар палатасы оған сəйкес дипломды аудиторлар қаржылық есеп-қисап жəне аудит туралы ең соңғы күнгі білімдер деңгейіне ие болуға міндетті МСО 8 стандартының талаптарын зерделеуге тиіс. Ол параметрлерді қанағаттандыру үшін, СМПБ біліктілігін алуға куəландыру аудиторлық кəсіптің өкілі аудитордың жұмысын құзыретті орындау үшін қажет кəсіби білімдерін, машықтарын жəне құндылықтарды, этиканы жəне іске көзқарасын бағалаудан кейін оған сəйкес болуға тиіс кірістік талап ретінде қалуға тиіс. Ол үшін СAP/СIPA біліктілігін алуға куəландыру бағдарламасына қосымша жаңа емтихан енгізу керек болады. 
Аудиторлар палатасы аудитордың біліктілігін алуға кандидаттар біліктілік куəлігін беру үшін жеткілікті көлемде жəне мамандығы бойынша практикалық тəжірибе алуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Аудиторлар палатасы аудит бойынша емтиханнан өтуге кандидаттардың практикасы МСО 8, сондай-ақ МСО 5 талаптарына сəйкес тиісті түрде құрылған жəне бақыланатын болуы мақсатында, олар үшін Палатаның қауымдастырылған мүшесінің мəртебесін құруға тиіс. 
Біліктілік сыны\амалау үшін нақты базаны айқындаудан кейін ППБА жəне Аудиторлар палатасы мүшесінің мəртебесін ұзартудың кəсіби біліктілікті көтеру жүйесіне (ПК) қатысуына тəуелділігін белгілеу маңызды. ПК жүйесін кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдар өздерінің мүшелерінің бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттары мен практикасы саласындағы білімдерін тұрақты жаңғыртып отыруды қамтамасыз ету үшін бақылап отыруға тиіс. Бұл тұрғыдан кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдардың біліктілікті үзіліссіз көтеру жүйесі үшін тиісті курстар мен оқу материалдарын əзірлеуі маңызды. 
Қазақстанда жергілікті орындарда Қазақстандық фирмаларға тексерістерді жүзеге асыратын бухгалтерлер мен аудиторларды бухгалтерлік есеп жəне аудиттың бүгінгі əдістемелерін практикалы қолдануды жетілдіру əдістеріне оқыту механизмін құру қажет. Практикалық тəжірибеге белгілі кемел бухгалтерлер мен аудиторларды тарту өте маңызды ұсыныстама болып табылады, оны орындау үшін оларды ХҚЕС жəне ХАС түсіну деңгейін одан əріде көтеруге жəне оларды Қазақстанда қаржылық есеп-қисап саласында практикалық жұмыста қолдануға түрткі болатын ынталандыру шараларын қабылдау қажет. 
Егер сұраныс туралы сөзге келсек, онда директивтік органдар позитивті əдістерден (мысалы, оқу жүйелерін ұйымдастыруға салықтық жеңілдіктерден) ескертуші əдістерге (мысалы, қаржылық есеп-қисаптардың сенімсіздігі үшін жауапкершілікке тарту) дейін түрлі əдістер арқылы компаниялардың басшылығы сондай «қайта жарақтауға» қаражат жұмсауы үшін стимулдар жасауға тиіс.

Аудит туралы түсінік 
 
 
Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық. 
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары: 
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Бір береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге қуқылы. 
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады. 
Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көо келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген. 
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз. 
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит түрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен. 
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді. 
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты 
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.  
Біздің ойыиызша, « аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады. 
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .  
 
 
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.  
 
 
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек 
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді. 
 
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді. 
 
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Кіріспе


Қазақстан Республикасының  егемендік алып, нарықтық экономикаға  көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан  өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік  қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау  қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты  – бухгалтерлік және салықтық есептілікте  көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын  бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды  жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.

Аудитті бірнеше  бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы «Негізгі құралдар аудиті».

Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған  әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге асады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың негізі болып негізгі құралдардың бекітілген типтік сыныпталуы және есепте олардың  бағалануының біртұтастық қағидасы табылады.

Бірде-бір Қазақстандық кәсіпорын өз шаруашылық қарекетін  негізгі құралдарды қолданбай игере  алмайды. Негізгі құралдар ұйымның  материалдық-техникалық базасының  негізгі құраушысы болып табылады және оның қарекетінің басты бағыттарының жүзеге асуында үлкен орын алады. Осыдан курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігін көруге болады.

Курстық жұмыстың басты  мақсаты – аудиттің маңызды әрі  қызықты бөлімдерінің бірі негізгі  құралдар аудитінің қалай жүзеге асырылатындығымен танысу, ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Негізгі  құралдар - қандай да болмасын экономикалық субъект қызметінің негізі болып табылады.

Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары