Казіргі заманғы білім беру технологиялары
ЖОСПАР
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді. Модульдік оқытудың өзегі — оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Курстық жұмыстың нысаны. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту үрдісі.
Курстық жұмыстың пәні. Жалпы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі пәнінен өтілетін тақырыптарды жаңа технология көмегімен меңгерту.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы меңгертудің ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну; сабақты мазмұнды игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау. Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
- жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;
- технология арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;
- педагогикалық эксперимент арқылы жаңа педагогикалық технологияның тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- Жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
- жаңа технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды оқытудың жолдары көрсетілді;
- қазақ тілін оқытудың технология арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы. Қазақ тілін жаңа технология арқылы меңгертуге байланысты тұжырымдалған ғылыми қағидалар қазақ тілі әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады және әдістеме ғылымының ғылыми-теориялық жағынан дамуына септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың әдістері. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының өзіндік ерекшелігін, қызметін анықтау барысында ғылыми-теориялық әдістер, баяндау, талдау, сұрыптау, салыстыру, ойын элементтерін пайдалану, эксперимент, қорытындылау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
І ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПЕДАДОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1 Технология туралы жалпы түсінік
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы, т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ [1, 7].
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, тұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да, кез келген нақты технологияның мәнін анықтаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1. Өндірістің белгілі бір
2. Белгілі бір өндірістік
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз – бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Қазақ тілі саналы және сапалы меңгерту жаңа технологияларды ұтымды пайдалануымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың Проблемалап Оқыту (Махмутов), программалап оқыту (Самарин,Ильина), саралап-жекелеп оқыту (Унт), дамыта оқыту (Эльконин), ұжымдық оқыту (Дядченко), дистанциялық оқыту (Нұрғалиева, Жүсіпәлиева) түрлері оқу процесінде қолданылып жүр. Технология грек сөзі - шеберлік технологиясы ғылым деген ұғымды білдіреді.Беспалько: Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Жалпы, жаңа технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі кезде оқу процесінде мынадай технологиялар қолдануда.
Дебат технологиясы негізін салған - Карл Поппер. Дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының белсенділігін арттырады. Тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады. Компьютерлік технология қазақ тілі сабағында қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Осының негізінде нашар оқитын оқушының өзі де компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өтуде тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компьютер оқушының өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Топтастыру технологиясы.Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне катысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ үйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкестерлік жүйе, зертханалық-топталған эдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкестерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мүғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесіи пайдаланған кезде мүғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыньшты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға катысқандары сараланады.
Ұжымдық оқыту технологиясы.Бұл технологияның негізгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады. Мүғалім әр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік.Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады.Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды.
Қазіргі кезде егемен
-Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;
-Ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы копьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
-Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
1960 жылдары шетел зерттеушілері
оқыту технологиясы
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
-Қатар отыратын сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
-әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
-оқушының өз бетінше іс-әркете жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
-қатар сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін білу;
-мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.
Демек, Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жаопарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин, т.б.);
-дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П. Эрдниев);
-нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
-іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И. Волков);
-Оқулықсыз оқыту (В. Агеев);
-Ойын әдістемесі және оны қабылдау;
-М. Монтессори, Р. Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буын:
-Мәселелік оқыту;
-Іздену, зерттеу әдістері;
-Топпен оқыту тәсілі (В. Дьяченко);
-Нәтижелі технологиялар;
-Тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В. Шаталов);
-Өзіндік жұмыс әдістері;
-Бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
-Оқытудың коммуникативтік әдісі (қарым-қатынастық);
-Пікірталас әдісі;
-Дидактикалық ойындар;
Жоғары сыныптар:
-Оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
-өзіндік жұмыстың әдістемесі;
-іздену, зерттеу әдістері;
-нәтижелі технология, жобалау әдісі;
-даралап (жекеше) оқыту, «мектеп-парк» моделін қабылдау (М. Балабан);
-Оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
-«өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі (ТРИЗ) (Г. Альпшулер);
-Бағдарламалап оқыту;
-әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
-профилді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
-тірек конспектісін қолдану;
-диалогтік әдістеме, пікірталас негізінде оқыту;
-модултдік технология;
-семинар-сынақ түрлері;
-өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды «жылдамдар», «орташалар» және «баяулар» деп атайды.
Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен (т). Топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмыс сайыс түрінде жүргізіледі. Сыныптағы топтар сайыс кезінде ағылшын сөзін , эроглифтерді, тақпақтарды және т.б. кім біледі деген сұрақтарға жауап береді.
Білімді даралап, саралап берудің басты бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикада қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғары қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау мен мадақтау.
1.2 Инновациялық технологияларды қолдану уақыт талабы
Заман талабына сай тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Тәрбие үрдісінде әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазіргі тәрбие технологиясы кешенді бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды.
-Тәрбиелеушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
-Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
-Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі – тәрбиеге кешенді түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
-Тұлғаға берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, үрдістегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орын алуын талап ететін нақты кешенді сипатта болуы қажет.
-Тәрбиеге кешенді қарау тәрбие үрдісінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтің айқын түсінігі болуы шарт.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күні – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
1.3 Жаңа технологиялардың тиімді жақтары
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал сияқты.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
-І кезең – оқып үйрену
-ІІ кезең – меңгеру
-ІІІ кезең - өмірге ендіру
-ІҮ кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
-Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
-Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Жалпы технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді:
-Білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни, жоғары оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
-Білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
-Мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Оқушылардың сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы – мұғалімнің біліктілігі мен білімділігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.
Бүгінгі таңда біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас ғылым саласында пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.
Қазіргі кезеңде «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.
Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Сыни тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу? Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
СТО-ның маңыздылығының нәтижесі:
-әдіс түрлері
-белсенді практикалық іс-әрекетте болу
-басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу
-қажет болса, өз көзқарасыңды өзгерту
-топтық тұжырымға келе білу
-топ алдында шығып өз тұжырымын айта білу.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті «технологияландыру» талпыныстары ХХ ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.
Оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізу құлықсыздығы, т.б. ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді. Олар:
-мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлығының жеткілікті деңгейі;
-оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал.
-оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
-оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.
-Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологяландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:
-Мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бет бұруы, ынта қоюы;
-Қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
-Басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
-Жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы,
-Мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілетті;
-Іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
-Өз тәжірибесін рефлекция арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
-Технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады. Осы орайда: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һәм салы болуы;Үшінші – мектепке керегі белгіленген программа», деген ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқаймыз.
Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі – оқушылар бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Ғалымдардың төмендегі пікірлері осы тұжырымды дәлелдейді: «Озоснав поставленную проблему, ученики сами намечают план поиска, строят предположения (гипотезу), проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, доказывают, делают выводы». Ал Г.Ю. Ксензова «Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация» дейді.
Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу – шығармашылық үдеріс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немес өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В. Оконь төмендегідей саралайды: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знаний».
Проблемалық оқытудың тиімділігі – оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі.

- Казка в роботи з дитячими психологичними проблемами
- Казкові елементи в драматургії Карло Гоцці(на основі ф`яб "Жінка-змія" та "король-Олень")
- Казна как объект гражданских прав
- Казначейская система
- Казначейская система исполнения бюджета
- Казначейская система исполнения бюджета
- Казначейская система исполнения бюджета
- Казахстан - суверенное, демократическое, светское и социальное государство
- Казахстан - унитарное государство
- Казахстан, як суб’єкт міжнародних економічних відносин
- Казачество и Беларусь
- Казенные предприятия. Создание, система управления и финансирование
- Казенные предприятия. Создание, система управления и финансирования
- Казенные учреждения