АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру

 

 

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе ..........................................................................................................................3

 

Негізгі бөлім

 

І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5

1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6

1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6

1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8

1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8

1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық  құзырлығы ................................14

 

II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру

2.1 АКТ-ны ағылшын тілі  сабағын оқытуда қолдану ...........................................19

2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28

2.3 Ағылшын тілі бойынша  АКТ-ны қолданып электрондық оқыту

құралын жасау ...........................................................................................................33

Қорытынды бөлім .....................................................................................................45

 

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47

 

Қосымша ....................................................................................................................48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Зерттеу мақсаты: білім беру үрдісін ақпараттандыру негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры  болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.

АКТ-ны қолдану қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны  ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.

Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен  мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Курстық жұмыста мектептегі ағылшын тілі сабағын АКТ-ны қолданып оқытуда  5 сынып оқушыларына арналған оқыту құралын қолдану қарастырылады.  

Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қосымшадан тұрады.   
Бірінші тарауда АКТ туралы жалпы сипаттама қарастырылады.  Екінші тарауда 5 сынып оқушыларының  АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру қарастырылады. 

Қосымшада ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралының кодтары көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. АКТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – құрылғылар, механизмдер ақпаратты өңдеу алгоритімінің тәсілдері туралы  мағлұматтар. Қазіргі заманға байланысты АКТ-ң құрылғысы – компьютер болып табылады, себебі ол сәйкес бағдармалық қамтамасыздандырумен жабдықталған және телекоммуникациялық құралдармен ақпараттандырылған.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.           

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 АКТ-ны оқытудың ролі

 

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға  дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық-коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

 

1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану

 

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

          Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану – оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педагогтік мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.

 

 

1.2.1 АКТ-ның оқыту үрдісінде қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

 

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет көзін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына ене алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап етуге болады.

«Инновациялық» деген сөз - латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.

«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды. 
Ақпараттық технология.

Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір - бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

Шығармашылық іс – әрекет

Зейін

Есте сақтауы

Интеллектісі

Ойлауы

Оқытудың компьтерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. 
Мен өзімнің тәжірибемде:

- дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).

- компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).

- Интернет - технология (интернет дербес  ақпарат көзі ретінде, e - mail - ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.) жиі пайдаланамын.

Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі - білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.

 Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Мен өзімнің сабақтарымда:

Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.

 
Қолданылған технологиялар: жобалау, компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын, топтық т. б. элементтерін қолданамын.

Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай - ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық - анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:

- компьютер – оқушы білімін  бағалау құралы;

- компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;

- мультимедиа - технология, жаңа материалды  түсіндірудегі құрал;

- Дербес компьютер, білім жетілдіру  құралы;

 

1. Компьютер - оқушы білімін бағалау  құралы; 
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд - фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 
«Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым - қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады»

2. Электрондық оқулық - оқушыны  осы оқулықпен таныстыру. 
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін өте маңызды әрі мағыналы жұмыс. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын туындаған проблемаларға аударамын. Мысалы: 10-шы сыныпқа арналған электрондық оқулықта әр тақырыпқа сай толық мәлімет берілген.

3. Мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық  қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға  болатын құрал. 
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.

4. Интернет желісімен жұмыс жасағанда: 
- Жобалардың презентацияларын дайындау. 
- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру. 
- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу. 
- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. 
- Өзін - өзі бағалау. 
 
5. Интерактивті тақтаны пайдалану:

- Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;

- Бормен тақтаға жазылған кескінді  интерактивті тақтадағы түрлі  – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға  болмайды.

- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. 
- Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

- Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның  қызметін атқару және кішкентайларға  да тақтаның жоғарғы бөлігіне  қол жеткізу мүмкіндігі туады. 
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. 
Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

 

1.2.2 АКТ-ның оқыту үрдісінде қолданудың  оң және теріс жақтары

 

Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолдану оқытудың барлық салаларында әрқашан ақталады деген пікір қалыптасу мүмкін. Әлбетте көп жағдайда олай емес. Білімді ақпараттанудың негативті аспектілері бар. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолданудың позитивті және негативті факторларын білу, практикалық жұмыста педагог пен ескерілуі қажет.

Мамандарды дайындау жүйесінің ақпаратық және телекоммуникациялық құралдар қолданып, педагогикалық ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктері бар:

  • Таңдау әдісімен технологиясы және білім мазмұнын жетілдіру
  • Информатика және ақпараттық технологиямен байланысты арнайы оқу тәртіптері мен бағыттарын еңгізу әрі дамыту
  • Дәстүрлі оқытуға информатикамен тікелей байланыспаған өзгерістер еңгізу
  • Қосымша мотивацияны қолданып, оқудың тиімділігін арттыру
  • Оқыту мен оқытушы әрекетін өзгерту оқу процесінде өзара әректтестік жаңа формалар ұйымдастыру
  • Білім жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру

Білімді ақпараттану үдерісі оқушының активтілік пен реактивтілік деңгейін көтереді, альтернативті ойлау қабілетін дамытады, есептердің шешімін іздеу стратегиясын дайындауға үйретеді, зерттелетін объектілер және олардың арасындағы байланыстарды моделдеу негізінде қабылданған шешімдерді болжауға мүмкіндік береді. Білімді ақпараттану мен білімдендіруде электрондық басылымдар мен ресурстардың көрсетілген жағымды жақтары көп. Ақпараттық технологияны зерттеу мен электрондық басылымдар мен құралдарды құру облыстары бойынша басқа да көптеген «плюстары» сипатталады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды оқытудың барлық салада қолдану негативті зардаптарға алып келеді.Ақпараттық технологияны оқытудың артықшылығы жеке оқыту болып табылады. Бірақ толықтай жекелендіру оның кемшілігі болады. Жекелендіру оқушылармен оқытушы арасындағы тірі тілдесуді шектейді оның орныны «компьютер мен диалогты» ұсынады. Оқушы сөйлемей, ақпараттық технология құралдармен жұмыс кезінде үндемейді. Адамдардың ойлау органы – сөз өшірулі болады. Практикада диалог жеткіліксіз болады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдар қолданудың кемшілігі әлеуметтік байланыстың шегерілуі әлеуметтік өзара тілдесудің қысқарылуы, индивидуализм. Ең қиыны оқыту жүйесінде айналыста жүрген ақпараттан өзі орындайтын кәсіптік әрекетке ауысу, басқаша айтқанда оқулық, экран беттерінің таңбалық жүйеден практикалық әрекеттерге көшу. Бұл классикалық проблема формальды білімдерді практикада қолдану, психология тілде бұл проблема ойлаудан әрекетке көшу деп аталады.

АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру