Зайсан ауданы
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ:
Зайсан ауданы
Өскемен қаласы, 2010 жыл
Тарихи деректеме
Батысында
– Тарбағатай, солтүстігінде –
Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде
– Қытай Халық Республикасының
Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан
- Шығыс Қазақстан облысының
Қаланың Зайсан аталуы 1864-1868 жылдар аралығы, ресми мұрағат деректерінде осы екі аралық көбірек кездеседі. 1903 жылы Санкт-Петербургтен А.Ф.Дербиен баспаханасынан шыққан географиялық энциклопедияның 18 томында «Зайсан қаласының іргетасы 1868 жылдары қазіргі уезд жерінің көп бөлігі Россияға қараған кезде салынды»,-деп көрсетілген. Ал 1864 жылы Зайсан қаласына станица аталған яғни патша үкіметі Л.Ф.Баков деген инфантерия генерал-майоры бастаған әскери құрамаға қамал салу тапсырысымен мұнда бекініс болып көтерген. Қазақ даласынан Қытай, Тибет, Синзянға жүн, тері, мал, ағаш тағы басқа да шикізат, ал ол жақтан мата, киім-кешек, қол өнер бұйымдары Зайсан кедені арқылы өткендіктен маңызы арта түсті.
1870-1880 жылдар аралығында қалада 2663 орыс, 122 қазақ тұрған, 1900 жылдары 4 мың қазақ мекендеді. Халық егіншілік, мал өсірумен бірге бау-бақша, жеміс өсірумен шұғылданды.
Зайсан постын екіге бөліп ағатын, Жеменей өзенінің шығыс жағасында үлкен көшеден тұратын Казачье слабодасы болды, ал өзеннің батыс жағасында 3-4 көшеден тұратын слабодада бастауыш азиаттық мектеп, ағаштан салынған шіркеу үйі, приставство басқармасының үйі, сауда алаңы, шикі кірпіштен салынған 110 және ағаштан салынған 7 тұрғын үй бар,-деп жазды Потанин.
Ішкі-сыртқы сауда қатынасына қолайлы «Зайсан» қаласы тез ұлғайып, Батыс Қытай, Монғолиямен алыс-беріс саудасы күшейген. Жыл сайын мамыр айында өтетін Никольский жәрмеңкесі сауда шеңберін кеңейте түскен. Жергілікті маңызы бар сабын, сыра, қайнататын, кірпіш өртейтін, былғары илеп, жүн жуатын заводтар сияқты кәсіорындар ашылып, көбейе түседі. Ен байлық, арзан шикізат қоры өлкесіне көз тіккен саудагер-купецтер Зайсан қаласына шұбырып, келіп жатты.
ХІХ-ғасырдың аяғында Зайсан купецтердің қаласы ретінде танылды. Купецтермен чиновниктердің балалары үшін, бұрынғы азиаттық бастауыш ұлдар мектебінің үстіне 1883 жылы бастауыш қыздар училищесі жұмыс істеді. 1896 жылы 26 наурызда алғашқы кітапхана ашылды.
Зайсанда, өзбек, татар, т.б ұлттар тұрды. Олар негізінен саудамен айналысты. Қаланың басшысы қала старостасы болды. Қаланы көбінесе қолөнершілер де ұсталарда болды.
Зайсан уездегі көп ұлтты орталықтың бірі болды. Онда орыс, қазақ, татар, өзбек, түркімен қырғыз, қытай т.б ұлт өкілдері тұрды.
Ірі мәдениет орталығы болған қалада атақты ақындар Павел Васильев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әсет Найманбайұлы, Ноғайбаев ақын еңбек еткен. Михаэлис Кендірлік көмірінің сапасын, көлемін зерттеп бағамдаған. Н.Бухман күн батареясын ойлап тауып, осы қалада іске қосқан Коншин, Ватсон, Томашевский, худыковский т.б ондаған жер аударылғандар өлке мәдениетін дамуын үлес қосты.
Қалада екі үлкен тері өңдеу зауыты болды. Фунтиковтың кірпіш зауыты жұмыс істеді, Жеменейдің бойындағы үш диірмен қала халқын ұнмен қамтамасыз етіп тұрған. Дображанскийдің сыра зауыты бовар сырасымен уезді ғана қамтып қоймай, шетке экспортқа шығару дәрежесінде көтерілді. Қалада екі ірі сабын қайнататын зауыт және Зайсанға басқа жақтан әкелінген темір рудасын өңдеп, Қытай мен Тибет, Монғолияға экспортқа темір шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрды. Сорокиннің кинозалы жұртшылыққа фильмдер көрсетіп, елді жалпы әлемдік мәдени өмірден хабардар етіп отырды. Елден жиналған жүннен пима басатын Асташевтің зауыты үлкен маңызға ие болды.
1926 жылы Зайсанда қалалық кеңес құрылды.
1928 жылы күзде ВКП (б) Қазақстан Орталық Комитетінің атқару комитетінің шешімімен Республикада уездер таратылып, олардың орнына аудандар құрылды. Зайсан уезі: Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Көкпекті, Қызылтас /Ақсуат/ аудандарына жіктелді. Зайсан ауданы ВЦИК-тің указымен 1928 жылы қыркүйектің 3-ші жұлдызында құрылды. Ауданның қазіргі территориясында шамамен бұрынғы уездің үш болысы Маңырақ, Қара-Ертіс, Кендірлік жатады.
1939
жылдан бастап, Зайсан ауданы
Шығыс Қазақстан облысына
Өңірде - қазақтың орта жүзінің найман, керей руларынан тараған меркіт, тұзақшы, уақ, төртуыл, ақболат, қожанбет, қожан, санияз ата – баба ұрпақтары жоңғар шапқыншыларынан бұрын тұрып, көшпелі өмір сүрген.
Аудан - ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Мал, егін шаруашылықтарымен қоса, ірі бау – бақша мен жеміс – жидек дақылдарымен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарлардың бірі – көмір мен минералды емдік су өндірумен айналысады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 9 кеңшарлардың базасында құрылған 358 шаруа қожалықтарына техника, шабындық, жайылымдық жерлері бөлініп берілді.
1918
жылы Зайсан шекарашылар
Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады.
1993 жылы Қалалық Кеңес таратылып, «Зайсан қала әкімі Мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.
«Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Зайсан өңірінде де халықтың құрметіне, қошаметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен.
Зайсан ауданың таңымал тұмарлары - Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды.
Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Сондай-ақ, Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабороториясында қызмет істеген, ақын Павел Васильевтің есімі орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Маяковскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гүлнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сұлуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған.
Ауданның
рухани өмірінде өзіндік орны бар - айтыс
өнерінің таланттарының ішінде: Абаш Кәкенов,
Серікхан Жақиянов, Меделхан Хасенова,
бүгінде Павлодардың бас ақыны болып жүрген
жерлесіміз Серік Қосанбаев. Ауданда орталық
мәдениет үйі, кітапхана қалыпты жұмыс
істеуде. Зайсан халық театры, «Айнакөл»
ансамблі, «Ақ әже» топтары, Дайыр, Қаратал,
Сарытерек, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай
өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен
сусындатуда. Зайсан өңірінде дене – шынықтыру
мен спорт салалары өте қарқынды дамуда.
Мәселен, жерлестеріміздің ішінде: қол
тірестен Азия чемпионы Ермат Ермекбаев,
Европа чемпионы Қасымжанов Нұрлан сияқтылар
ауданымыздың мақтанышы.
Табиғаты, өсімдіктері, жануарлары
Зайсан жері шұрайлы, суы мол, жайылымы керемет (Сауыр, Сайқан, Маңырақ, Ертіс, Ақжан, Қабырғатал) сияқты киелі жер. Оның жер асты қазбасы – мұнайға, көмірге, жанатын сланецке, жоса – бояуға, құрылысқа жарамды әкке, құм мен топыраққа толы, жасыл алқапты орманы бар өңір.
Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Атмосфералық орташа жылдық жауын – шашындары 120-180 мм. Тау беткейлеріне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы кемиді. Тау басында ол таулы тундралық климатқа дейін өзгерген. Өзендердің ірілерінен: Бұғаз, Базар, Қандысу, Кендірлік өзендерін атауға болады. Сонымен бірге, Зайсан көлін айтуға болады.
Зайсан – суармалы өңір. Мұнда 1967 жылы сыйымдылығы -75 млн.м куб Үйдене су қоймасы жүйесі, 1956 жылы Кендірлік және 1984 жылы Жеменей су қоймалары салынып, іске қосылған. Сондай–ақ, өлкеде жер асты және жер үсті бұлақтары бар.
Минералды емдік сулар өндіруде, әсіресе, Ащылы, Әулие бұлақ, Арасан Талды қойнаулары пайдаланылады.
Белдеулі ормандарда: қоян, түлкі, қасқыр, елік, бұландар, аюлар, маралдар, сілеусіндер, барыс, борсық мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар, таутеке, ақбөкен, киік және жайран кездеседі. Құстардан: боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, қаздар, аққулар, үйректер, бүркіттер, ұлар, кекілік, бұлдырық, қырғауылдар, тағанақтар және басқа да түрлері мекендейді.
Зайсан
көлінде, Ертіс жағалауларында, су айдындарында:
шортандар, қара балықтар, ала бұғалар,
сазандар, шабақтар және басқада түрлері
кездеседі.
АУДАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Зайсан ауданында негізінен қазақ, орыс, украин, татар, өзбек және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жергілікті халықтың саны -38 мың адамға жетті. Этникалық құрамы жағынан: қазақтар – 35,2 мың адам, орыстар –2,1 мың адам, басқа ұлттар – 0,7 мың адам. Жергілікті халыққа бай аумақты аймақтар: Дайыр, Айнабұлақ, Қаратал, Сарытерек, Шілікті, Қарабұлақ ауылдары.
Аудан орталығы мен облыстың ара – қашықтығы - 465-тей шақырымдық жер.
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік
2003
жылы Зайсан өңірінің Шілікті
ауылында Қазақстан
Аудан экономикасының негізгі рөлін – агроөнеркәсіп алады, өйткені, маңызды орынды ауыл шаруашылығына береді. Осы кәсіптің шығарылатын өнімінің көлеміне байланысты, ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен дәнді – дақылдар шаруашылығы өте қарқынды дамуда. Осының маңыздылығынан импорттық тауарлар азаюда. Ең бастысы, жергілікті халық өзін-өзі етпен, сүтпен, өсімдік майымен,жеміс-жидекпен, дәнді-дақылдармен, бау-бақша өнімдерімен, ұнмен тағы басқа өнімдермен қамтамасыз етуде.
Ауданның
жер асты байлығы зерттелген –
қоңыр көмір мен жанатын
2005 жылдан бастап, ЖШС «Балық өнім Шығыс» зауыты жұмыс істеуде. Сол сияқты минералды емдік сулар өндіруде. Әсіресе, Арасан-Талды, Ащылы жерлеріндегі сулардың көздері ашылып, игеру жолдарына қойылған. Онымен ЖШС «Зайсан сулары» айналысуда. Қазіргі таңда, біздің емдік ас-суымызға Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларынан сұраныстар түсуде. Көршілес Қытай еліне де шығару көзделініп отыр.
2006 жылдың шілде айында облыстық көрмеде «Зайсан» минералды суы жүлделі бірінші орын мен хрусталь кубокқа ие болды. Сондай-ақ, республикалық көрмеге қатысуға жолдама алды.
Аудан
бойынша білім беретін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс, құрметті Зайсан қаласы тұрғындары сіздерге тілейтінім бұдан да биік жетістіктерге жете беріңіздер!»,- дейді.
Елбасының
алға қойған міндеттерін Зайсандықтар
қызу қолдап, жүзеге асыруға бір кісідей
жұмылуда. Қиындықты еңбекпен жеңу қажеттігін
жақсы сезінеді. Әркім өз бақытының, болашағының
бапкері болу керектігі санаға сіңірілуде.
Зайсан Қазақстанның қиыр шығысындағы
шуақты, шырақты аудан ретінде әрқашан
көріне беретініне күмән жоқ.
Зайсан
ауданының 2010 жылғы 1
тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындысы
туралы анықтама
Өнеркәсіп
2010
жылғы 1 тоқсанда Зайсан ауданындағы
өнеркәсіп орындары
Ауылшаруашылығы
Аудан көлемінде 2010 жылдың 1 тоқсанында 1777,2 тонна ет, 7471 тонна сүт, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өндіру 3,6 пайызға кеміді. Осы жылдың 1 тоқсанында ірі қара саны 65071 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,2 пайыз болды. Жылқы 11690 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейді, құстар саны 32408 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 12,5 пайызға артты. Сондай-ақ сүт өнімдері 1,6 пайызға , жұмыртқа 2,3 пайызға артық өндірілді.
Қой
мен ешкі саны 177114 бас болып, өткен
мерзіммен салыстырғанда 5,6 пайызға
азайды. Қой–ешкі басының кему себебі
қыстың қатаң болып, қардың қалың түсуінен
шалғайдағы мал қыстақтарына жем-шөптің
жеткізілмеуі.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2010
жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
ауданда тіркелген шағын
2010 жылдың 1 тоқсанында барлық шағын
кәсіпкерлік субьектілерінен
2010 жылдың 1 сәуіріне аудан халқына шағын бизнес саласынан 6 базар, 159 сауда үйлері мен дүкендері, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио-видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 12 май сығу цехы, 24 наубайхана, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.
2010
жылдың 1тоқсанында жеке кәсіпкер
Г.Исабаеваның Зайсан
Негізгі капиталға салынған инвестиция
Жоспар бойынша қаңтар-наурыз
айларына негізгі капиталға
Бюджет
2010
жылдың 1 тоқсанына арналған аудан
бюджетінің барлық кіріс
Аудан бюджетінің өз кірісінің
жоспары 84,967 млн. теңге болып,
бекітілген (бюджеттің барлық кіріс
бөлігінің 14,2 % құрайды).
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары
598,319 млн. теңге. 3 айда
орындалғаны 523,373 млн теңге немесе
87,5%. Игерілмеген қаржы көлемі 74,945 млн
теңге. Оның ішінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің резервінен су тасқынын алдын
алу шараларына берілген қаржыдан 71,375
млн теңге жұмыстардың толық жүргізіліп
бітпеуінен игерілмеген.
Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 20220 мың тенге әлеуметтік көмек бөлініп, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 321 отбасының 1009 мүшесіне 6470 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 51256 мың теңге балалар жәрдемақысы бөлініп, 1379 отбасынаң 3413 баласына 14611 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.
«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй – коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес 2010 жылы жергілікті бюджеттен 1516 мың теңге қаражат бөлініп, 61 отбасыға 1130 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін 71 адамға жергілікті бюджеттен 650 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, I – II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелеттке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1013 анаға 5065 мың теңге төленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың саларында мүгедек болған 157 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 1989 мың теңге төленді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2010 жылдың 1 тоқсанында 46 балаға 7307 мың теңге төленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік, дәрілік – педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып – тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 3566 мың теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері 40 балаға 890 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.
Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 185 адам тіркелді. 1 сәуірге 215 жұмыссыз тіркеуде тұр, экономикалық белсенді халықтың ішінен (20656 адам) жұмыссыздардың үлес салмағы 1 пайыз құрады.
Есеп мерзімінде 86 жұмыссыз әр түрлі жұмыстарға орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішінен 46,5 пайыз құрады.
27.01.2009
жылы бекітілген дағдарысқа
Ақылы қоғамдық жұмыстарында 134 келісім шарт жасалынды, 134 адам қатысуда, оның ішінде ауылдық жерден 70 адам.
Оқуға
17 жұмыссыз жіберілді. Жаңадан 81 жұмыс
орны ашылды. Мекемелерден қысқарып 2 адам
жұмыссыз болып тіркелді.
Білім саласы
2009 жылдың 1тоқсанында аудан бойынша ІІІ тоқсан қорытындысы шығарылды. 1-11 сынып аралығындағы бала саны-6932. Олардың 1349-ы үздік, 2233-ы екпінді, 5 оқушы үлгермей, 4 оқушы денсаулықтарына байланысты қорытылмай отыр. Жалпы сапа-52%, үлгерім-99,9% .
30-31 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 22 мектептен 525 оқушы қатысты. Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша сапа 35 пайызды көрсетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Ауданнан 14 оқушы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
13
ақпанда М.Ломоносов атындағы
орта мектепте мұғалімдердің
кәсіби біліктілігін анықтау
мақсатында аудандық бастауыш
сынып мұғалімдерінің
Аудан бойынша 1232 аз қамтылған оқушылардың 924 оқушысы тегін ыстық тамақпен, 2476 оқушы буфеттік тамақпен қамтылған. 1-4 сыныпта 2466 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтанады, бұл 100 %-ды құрайды. Ыстық тамаққа міндетті білім беру қорынан 11960 мың теңге қаржы бөлінді.
Жол картасы бағдарламасымен 4 мектепке 49465,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 32993,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 16472,0 мың теңге. М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу, Қазақстан орта мектебінің ғимаратына, Айнабұлақ орта мектебінің спортзалына, Абай атындағы орта мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша конкурс өтіп, мердігерлермен келісім-шарт жасалды.
Мемлекеттік тапсырыспен Кеңсай, Абай, Амангелді, Шілікті, Қазақстан мектептері жанындағы шағын орталықтарда 115 балаға қосымша 5 топ, № 1 «Еңлік» балабақшасында 25 орынды 1 топ, 2017 әскери бөлімнен 25 орынды 1 топ, Қаратал ауылынан 25 орынды, Сартерек ауылынан 10 орынды жеке меншік балабақшалар ашуға 18871,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Республикалық
трансферт есебінен 2 лингафондық
кабинет алуға 11082,0 мың теңге, «Өзін-өзі
тану» бағдарламасымен
Денсаулық саласы
Зайсан аудандық медициналық бірлестік бойынша барлығы 81 дәрігер, 222 мен 78 тазалықшы және 60 әртүрлі жұмыста істейтін жұмысшылыр бар.

- Зайырлы Мемлекет
- Заказник «Урман Елга»
- Заказное убийство
- Заказные убийства. Убийства по найму
- Закаливание
- Закаливание водой, воздействие на организм водных процедур
- Закаливание детей в ДОУ
- Зайнятість та безробіття
- Зайнятість та безробіття як макроекономічні категорії
- Зайнятість та відтворення робочої сили в Україні
- Зайнятість та соціальний захист населення
- Зайнятість та соціальний захист населення
- Зайнятість, трудові відносини, безробіття
- Зайнятість як результат розвитку економіки та передумова забезпечення добробуту населення