Жиынтык сураныс жане усыныс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС
1.1 Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
2 ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС
2.1 Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс
2.2 Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
3 ТҰРАҚТАНДЫРУ САЯСАТЫ
3.1 Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
3.2 Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісінің үлгісін құру үшін, ең алдымен оның классикалық ұзақ мерзімдік үлгіден несімен ерекшелетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.
Қысқа мерзім кезеңіндегі көп тауарлар бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.
Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға – жаңа каталогтар шығаруға, ал барлық мейрамханалаор үшін – жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрлі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағаны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.
Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияға тәуелді. Бағаның икемді болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемді болмаса, өндіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін пайдалануға негіз слады.
.0
1 ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС.
Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Бір жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.
MV=PY (1)
Мұнда: М – ақша ұсынысы
V – ақша айналымының жылдамдығы ( мұнда ол тұрақты )
Р – баға деңгейі
Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал олөз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.
Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін
Мұнда: К=1/V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы: М / Р = ( M / P )d сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Ү санына пропорционалды екенін көрсетеді.
Табыс, өнім шығару
1 сурет – Жиынтық сұраныс қисығы
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Ү саны арасындағы тәуелділіке теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз (1 сурет). Р және Ү әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.
Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейінде (РҮ) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү арасындағы кері тәуелділік мехенизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады.
Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анқталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.
Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражатының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылған жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.
1.1 Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес салынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Ү мүмкін болатынүйлесулері өрнектелген. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Ү мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын қарастырайық. (MV=PV) сандық теориясының теңдеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РҮ нақты түрінде пропорционалды
Табыс, өнім шығару
2 сурет – Жиынтық сұраныс қисығы солға қарай қозғалады
қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да әрбір баға деңгейінде сәйкес келетін өндірілген өнімінің саны азаяды, солға қарай жылжиды (2 суретте).
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарылатқан жағдайда не болатынын қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РҮ жоғарылайды.
Табыс, өнім шығару
3 сурет – Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады
Сондықтан әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез келген өндірілген өнім санына сәйкес неғұрлым жоғары баға 3 суретте көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.
Ақша көлемінің өзгеруі жиынтық сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша ұсынысы тұрақты болса, жиынтық сұраныс қисығы ақша айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжы мүмкін.
2 ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС
Жиынтық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы екі айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге Р және Ү арасындағы тәуелділікті енгізу керек.
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатынымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.
Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады:
өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;
өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;
экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әулетті өнім көлеміне тең;
баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы қамтамасыз етіп отырады.
(K,L)=Y
Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Сондықтан 5 суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық болып табылады. жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.
Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұраныстың өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсыныс қысқарса, онда 5 суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады.
Е1, Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
Табыс, өнім шығару
4 сурет – Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы
Табыс, өнім шығару
5 сурет – Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі
Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық сұранысқа тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихотомия талабын қанағатттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.
2.1 Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс
Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны (6 сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.
Табыс, өнім шығару
6 сурет – Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінің ескі Е1 нүктесінен жаңа Е2 нүктесіне ауысуы болады. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.
Табыс, өнім шығару
7 сурет – Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныс қисығының ығысуы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың қысқаруы кезінде өндіріс көлемі қысқаруының себебі бағаның жаңа жағдайларға сай келмеунде. Жиынтық сұраныстың құлдырауынан фирмалар баға өтн жоғары болса да, оларды тұрақты қалдыруға тырысады. Өнім тарату көлемі қысқаруының есесінен фирмалар өнім шығаруды және толық жұмыспен қамтамасыз етуді қысқартуға мәжбүр болады.
2.2 Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
Талдауымызды келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.
Сөйтіп, жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес.
Табыс, өнім шығару
8 сурет – Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қортындыларын бақылайық. 8 суретте көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-теңдік қалыптасты делік. Осы суретте 3 қисық келтірілген: жиынтық сұраныс қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 9 суретте көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек.
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл (баға икемсіз болғанда) А нүктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. өнім шығару көлемі және толық жұмыспен қамтамасыз етілу өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
Табыс, өнім шығару
9 сурет – Жиынтық сұраныстың қысқаруы
Ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жұмыспен толық қамтамасыз етілу өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірақ бұл нүктеге бұрынғы ескі ұзақ мерзімдік тепе-теңдік нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сәйкес келеді.
3 ТҰРАҚТАНДЫРУ САЯСАТЫ
Экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныстың немесе жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Экономистер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.
Сілкіністің экономикаға әсері өндіріс көлемінің және жұмыспен толық қамтамасыздандырудың табиғи деңгейі ауытқуынан көрінеді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі осындай шок әсерінен экономикалық тербелістердің пайда болу механизмін анықтайды.
Сонымен қатар үлгі шоктың бейтараптануына және экономиканың тербелістерін жоюға бағытталған макроэкономика саясатының нәтижесін бағалау үшін қолданылады.
Тұрақтандыру саясаты дегеніміз өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа айтарлықтай әсер ететіндіктен, несие саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды құауышы болып табылады.
3.1 Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
Банктер шотынан ақша беруге арналған автоматтарды ойлап табу қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетті, яғни халықтың ақша қорына деген сұранысын төмендетті. Мысалы, автоматты ендіргенге дейін адам орташа алғанда жетісіне бір рет банкке барып 100 долл. алады және оны бір апта бойы ұстайды деп жорамалдайық. Бұл жағдайда қолдағы ақшаның орташа мөлшері 50 долл. Автоматтар пайда болғаннан кейін адам банкке аптасына екі рет барып 50 долл. алады. Енді қолдағы ақшаның орташа мөлшері 25 орташа мөлшері 25 долл. Демек, осы жағдайда ақша қорына деген сұраныс 2 есе.
Осы ақша қорына деген сұраныстың азаюы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне сай:
М/Р=кҮ (4)
Мұнда к=1/V
Нақты өрнектелуде ақша қорының азаюы өнім өнім шығару көлемінде к төмендеуін және V жоғарылауын туғызады. Ақша автоматтарын ендіргеннен бастап адамдар қолда ақшаны аз ұстайды, ал одан ақша айналымы жылдамдайды. Сөйтіп, адамдар банктік автоматтардан қома-қол ақшаны жиі алатындықтан, ақша алу мен оны жұмсау арасында аз уақыт өтеді. Яғни, ақша айналысының жылдамдығы өседі.
Егер ақша көлемі өзгерссіз қалса, онда ақша айналысы жылдамдығының өсуі нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы 10 суретте көрсетілгендей оңға қарай жылжиды.
Табыс, өнім шығару
10 сурет – Жиынтық сұраныстың өсуі
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі көлемінің өсуін туғызады, яғни экономикалық өсу. Фирмалар өнімін ескі бағамен көбіріек сатады. Сондықтан олар көп мөлшерде жұмысшыларды жалдайды, жұмыс сағатын көбейтеді және кәсіпорындар мен құрал-жабдықты көбіріек қарқынмен пайдаланады. Біраз уақыт өткеннен кейін жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі баға мен жалақының көбеюіне әкеледі. Баға өскен сайын тауарларға деген сұраныс азаяды, ал өнім шығару деңгейі біртіндеп табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ неғұрлым тауарлар мен қызметтер көлемі жоғарылаған сайын өндірілетін өнім көлемі табиғи деңгейден төмен болады. Бұл өсуді бейтараптандыру үшін және өндірісті ұстап тұру үшін, ақша айналысының жылдамдығы кемшіліктерін бейтараптандыру үшін Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады. Бұл жиынтық сұранысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк сұраныс жағынан өнім көлеміне және толық жұмыспен қамтамасыз етілуге болатын сілкіністердің әсерін ақша ұсынысына қатаң бақылау жасау арқылы жою және қысқарту мүмкіндігіне ие.
3.2 Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
Жиынтық сұраныс жағынан болатын сілкіністер – экономикалық тербелістердің жалғыз қайнар көзі емес. Олардың тағы бір себебі жиынтық ұқсыныс жағынан болатын сілкіністер. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер - тауар өндірісін тоқтату салдарынын фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға сілкіністер деп атайды. Баға сілкіністердің бірнеше мысалдарын келтірейік:
өнімді жоятын құрғақшылықтыр – азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін туғызады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді. – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді.
Кәсіподақ күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны және еңбекақының жоғарылауына әкеп соқтырады.
Халықаралық мұнай картельдерінің ұйымы – негізгі мұнай өндірушілергі мұнайға деген әледік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің шектелуі.
Осы мысалдардың барлығы өндіріс шығындарының және бағаның күрт өсуіне әкелетін ұсыныстың қолайсыз сілкіністерінің санатына жатады. Ұсыныс жағынан болатын қолайлы сілкіністер, өндірістік шығындарының азаюына және бағалардың төмендеуіне әкеледі. 11 суретте қолайсыз ұсыныс өзгерісінің салдары бейнеленген.
Табыс, өнім шығару
11 сурет – Ұсыныс жағынан болатын қолайсыз сілкіністер қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғарыға қарай жылжиды (ұсыныс жағынан туындайтын сілкіністер өнім шығарудың табиғи деңгейінің төмендеуін туғызуы мүмкін және соның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай ығысуы мүмкін, бірақ біз одан бас тартамыз). Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса А нүктесінен В нүктесіне ауысу болады: баға деңгейі өседі, ал өнім шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды. Мұндай жағдайда құлдыраушылық деп аталады, себебі мұнда тұралау инфляциямен әрекеттеседі.
Жиынттық сұранысты реттей алатын мемлекеттік құралдар, ұсыныс жағынан туындайтын қолайсыз сілкіністерге байланысты проблемаларды шешу кезінде, экономикалық саясаттың екі вариантының бірін таңдауы керек. Бірінші вариант 11 суретте көрсетілгендей, жиынтық сұранысты тұрақты күйінде ұстап тұрумен байланысты. Бұл жағдайда өнім шығару және толық жұмыспен қамтылу деңгейлері өз табиғи деңгейінен төмен болады. Ерте ме, кеш пе, баға өзінің бұрынғы деңгейіне дейін және толық жұмыспен қамтылу қалпына келеді (А нүктесі). Бірақ бұл кезде өнім шығарудың қысқаруы үрдісіне жол беріледі.
Табыс, өнім шығару
12 сурет – Ұсыныс жағынан туындайтын сілкіністерді жеңілдету
Екінші вариант 12 суретте өрнектелгендей, өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін, жиынтық сұранысты жоғарылатуға негізделеді. Егер жиынтық сұраныстың өсуі өлшемі жиынтық ұсыныс сілкінісі өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысады. Мұндай жағдайда, Ұлттық банк ұсынысы жағынан туындаған сілкініс қайшылықтарын жеңілдету мүмкіндігі туады деуге болады. Мұндай шешімнің кемшілігі – болашақта бағалардың жоғарғы деңгейіне сақталуы. Бір уақытта толық жұмыспен қамтуды және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей, жиынтық сұрансты сондай деңгейде ұстап тұратындай әдістері әлі жоқ.

- Жінок в управління державою Київська Русь. Реформаторська політика Ольги
- Жіноча злочинність
- Жіночий костюм
- Жіночі образи в романі «Останні історії» Ольги Токарчук
- Жіночі партії та організації в Україні
- ЖКХ в системе муниципального хозяйства
- ЖКХ в условиях реформирования
- Життєвий цикл товару та маркетингова стратегія
- Життєвий шлях та наукова творчість Макса Вебера
- Життєві стратегії молоді
- Житттєвий шлях Абу аль Касима аль Захраві
- Життя і творчість Цюй Юаня
- Життя і творчість Ш.Л. Монтеск'є - просвітителя, правознавця, філософа (1689-1755гг.) XVIII століття
- Життя та діяльність Яна Амоса Коменського